Экспромт

Іздегенмін қиялымның көшінен,
Іздеп едім кең даламның төсінен.
Кезікпеген сол жоғымен ешқашан
О, арманым, менің неткен жесір ең.

қайтем енді, кезікпедім, таппадым,
қалғаным жоқ қиындықтан жасқанып.
тек сәл ғана мұңым өзге, мен дағы
Мұң секілді, күз секілді басқамын!

13 пікір

Korkem
ооо, Бағашар! Көргеніме қуаныштымын
Bagashar
рахмет. Поэзия блогы төмен түсіп кетіпті ғой. Мен де қуаныштымын. қарап қойыңдаршы
VVVWWW
Ия әрине осындай өлеңдерді сирек оқимыз
VVVWWW
Көптен күткен өлең, тамаша Мынауыңмүлдем бөлек сарын ғой
Bagashar
оқырманға анығырақ қой
mairosh
КӨптен бері оқымап едім өленіңді сағынып қалыппын)
kema
Майра, сағынып қалдың ба?
mairosh
Өлендерін сағындым деп жазған сияқты едім.
kema
Бәке не іздедіңіз? Яки көмегім тиіп қалар? Тамаша өлең))))
calendula
Керемет.
PS: «Жұлдызбен сырласу» атты журналдан ғой деймін, әке туралы жазған мақалаңызды оқыдым кеше ғана. Авторын көріп таныс адамымды көргендей қуандым ғой)
Jako
Тамаша, Бағашар.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.