Бақыт геометриясы


«БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене
Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?»
Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,
Жомарттығы өзгелердің ырысынан жасалған.

Талайларға байлық жинау болса дағы бас арман,
Кейде Бақыт байларға да қолын бермей қасарған.
Әлде Бақыт сұлулық па, олай дейін десем мен,
Сұлулар жүр бай аяққа кілем болып төселген…

Әлде Бақыт билік пен екен қылыш мүдде ұстаған,
Тіпті қайсар қырандары рұқсатсыз ұшпаған,
Жағымпазы сырт көздерді шошындырып сұрқымен,
Бастығының көн етігін шөткелеген мұртымен.

Шын парасат иелері бірақ оған бармаған,
Олар өзін жаудан бұрын жағымпаздан қорғаған.
Иә, биліктің қадамы тоқ, қамалы жоқ алмаған,
Кей қасқалар биліктен де бақыт таппай сорлаған.

«Бақыт деген немене бұл, немене екен, немене
Көрсет маған, құшақтайын, көтерейін төбеме»
Деп едім мен, дәл сол сәтте ойы, бойы сымбатты
Әбден қажып, шашы ағарған ШЫНДЫҚ келіп тіл қатты:

— Бақыт дәйім санасы мен ұғымында әркімнің
Қанша ғасыр осыны елге ұқтыра алмай сарқылдым.
'"Қане менің соңымнан ер… Мынау үйге қарашы
Нақ осы үйде жүріп жатыр Бақыт пен Сор таласы.

Үй иесі — жас жұбайлар тілек, ойы қосталған,
Билік, байлық қатар қонып, иықтымен дос болған.
Бірін-бірі сүйгенімен көңілдері тобасыз,
Тобасыздың есігінен кірген ырыс бағасыз.

Келген әрбір жақсылыққа игіліктің басы деп
Шын жүректен қуана алмау — ең қауіпті қасірет
Солай, солай… Енді, ақыным, мұнда бұрыл деп мені
Шындық тағы ертіп барды жұпыны үйге шеткері:

— Терезеден қара — деді, жақын тұрып қарадым,
Төрде отырған қос жүбайға түсті кенет жанарым.
Бөлме іші тым қарапайым, ортада ақ дастарқан
Дастарқанға тек қара нан, қос түйір қант тасталған…

Күйеуі айтты: жалақы алдым, ертең базар баралық
Саған, жаным, ерекше әсем көйлек іздеп табалық!
— Көйлегім бар — деді әйелі (қабағына мұң қонды)
— Бір бешпетпен жүрсің өзің, міне, қанша жыл болды…

(Екеуі де менен бұрын оған шаттық қонса деп,
Алдыменен ол қуансын, оның көңілі толса деп
Бір-біріне сый ұсынып, бірін-бірі жақтады,
Бірін-бірі ардақ тұта ортақ ойға тоқтады.

Көрші аулада баласы өлген жалғыз кемпір бар екен,
Шетсіз, шексіз кең дүние ол сорлыға тар екен.
Бұлар қатар шуақ төге ізетті іске өрісті
Сол кемпірге қыстық киім әперуге келісті.

«Бақыт деген немене бұл, немене екен, немене,
Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?»
Деп қиялдап, өр биіктен көрсетіппіз бекер бой,
Қымбаттым-ау, сөйтсек бақыт қанағатта екен ғой.
Егер бүгін аласарса мекеніңнің шоқтығы, ,,
Оған себеп, қанағатсыз адамдардың көптігі…

*********

О, тәңірім,
Қанағатпен басар болса аптығын,
Мүмкіндік бер қадірлеуге жауымның да шаттығын!


М. Шаханов

38 пікір

AKA
Мұхаң красавчик, әдемі!
Korkem
аха, саған ұқсайды)))
AKA
БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене
Korkem
Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?»
Деп қиялдап, өр биіктен көрсетіппіз бекер бой,
Қымбаттым-ау, сөйтсек бақыт қанағатта екен ғой.
kema
Solai eken-au))) Baqyt degen qanagat eken goi))) Tamasha tabylgan soz
Ais_97
Керемет өлең екен!!!
Korkem
Мұқаңа рахмет де
Ais_97
Иә Мұхтар Шаханов ағамызға мың алғыс!
AKA
Айсара, сенің осындай бір шумақтарың болса жазып жіберші? :)
Ais_97
болса міндетті түрде жазамғой!
Korkem
сізге қарағанда
Korkem
Үйстіп өзінше боққалад енД :)))
Jako
Керемет, сұмдық керемет жазылған, бақытты іздемейтін адамдар жоқ. Патша да, пақыр да оны іздеулі.
Korkem
Иә, ағасы. Ұнаған соң салып ем, бір пайдаларына жаратсын деп)
AKA
Керемет өлең!
Korkem
Мұқаңа рахмет де
AKA
Е, өмір! Мен татпаған уың бар ма?! Әкел, әкел оны да жеп көрейін…
… деп жырлаған ақынды да көз көрді.
Korkem
қойшы әй өзің!©
AKA
Осы ақынның тағы да шедеврлері бар, жинап жүр ем. Алдағы уақытта жазармын.
Korkem
сол ақындікі екеніне күмәніңіз жоқ па?
Korkem
жазыңыз, менде де жетерлік екен, іздеп келдім уақақақақ
Korkem
Ес че, мен де
Жабырқаған сәтiңде демеу болар,
Мен сенiң сенiм артқан перiштенмiн!
дейтін, сосын
Жанымды баурап тәтті мұң,
іздеймін сені алтыным.
Жар салып сүйем демесем де,
жетпейді-ау саған зар үнім
дейтін ақындарды да білем.
AKA
Копипастақын Шақырыңыз онда, көрелік.
Korkem
ес че ЕРКЕжанның суреті де бар
MSHERIMBEK
дәл осы сәтте «Бақытсыздық тригонометриясы» деген постыңызды жібергеніңізде құба-құп болатын еді;)
Korkem
Бензин тауып келдің бе?
SteVen_S_Sanzhar
Керемет сөз жоқ негізінде оқуға ерініп отыр едім
Zhanat
Бақыт деген не осы))
Korkem
AKA
Үйбәәәй Арманда, тегін ғой © Қырмызы
ZevsKO
осы күнге дейін поэзияны натпауш ем! мына өлеңнен кейін теріс қарамайтын шығарм. Рахмет
qyrmyzy
Бақыт деген… бақыт деген… эхххх,
Manas
ай, өмір-ай)
qyrmyzy
өмірлетіп не көрінді?
Karakulov
Иә, жақсы өлең екен. Ортамызға әкеліп, тарту еткеніңе рахмет!
bamin_94kz
ote keremet olen
magan ote unadi!
Feruza
О, тәңірім,
Қанағатпен басар болса аптығын,
Мүмкіндік бер қадірлеуге жауымның да шаттығын!
КЕРЕМЕТ!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.