Ажал айтып келмейді...

… Ажал айтып келмейді бассаң аяқ астында,
Қарамайды ол, қарағым, кәрісің бе, жассың ба!..
Талғамайтын тағы да тоқсын ба әлде ашсың ба
Жем болармыз бір күні тойымсыз аш қасқырға!..

Ажал алмай тынбайды, әр қадамың санаулы,
Ертелі кеш түбі ақыр беретін сол бағаңды!..
Мына жалған тірліктен білмей тойым тобаңды,
Айыра алмай кетерміз жақсы менен жаманды!..

Ажал алмай қоймайды, әр адымың бағулы,
Құлыпқа сап қойсаң да құтқармайды ол жаныңды!..
Өзектіге түбі бір Өлім барын тануы
Әр пенденің сондықтан қарызы һәм парызы!..

3 пікір

Manas
ай, жалған өмір-ай)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.