Адамзат арманы

… Адамзат арманы таусылған ба?
Біздер түгіл бізден де зор тұлғаң да,
Өкінбей ме өмірден өткеніне
Жалынына өлімнің шарпылғанда!?

Тіршілікке тойған ба пенде шіркін,
Өлмей қанбас өмірге қорқау құлқың!..
Не жетпйді оған деп таңданады
Туғалы түк көрмеген өңкей қиқым!..

Басылмайды толқыған көңіл неден?
Тыныштық жоқ тірлікке көз ілмеген!..
Амал қанша, жалған ай, аққан судай
Өте шығар бұрылмай өмір деген!..

… Тіршілікке тойсаң да, тоймасаң да,
Аңсағанды қойсаң да, қоймасаң да…
Бұйырғаннан артығы болмаса да
Қиялдайсың осылай анда санда!..

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.