Иса Байзақовтың өлеңдері

КЕШЕГІ ЕСІҢДЕ МЕ ҚАРА ТҰМАН...

Кешегі есіңде ме қара тұман,
Мәңгіге ұмытпастай таңба салған.
Қаныңды құрт боп сорған сұм Николай,
Жазықсыз жұртым, саған не қылмаған.

Қызыңды қатын, шаңырағыңды отын қылды,
Мүлкіңді қаддырмады таламаған.
Аң құсап, үркіп аудың тау-тас кезіп,
Қалды ма кәрі-жасың жыламаған?!

Қылыштап жас балаңның кесті басын,
Оққа ұшты от-жалындай талай жасың.
Жұртыңды бір-біріне сеңдей соғып,
Залымдар қанмен жуды ел ортасын.

Қосты жылқы, қоралы қойды тастап,
Ата-мекен, қора-қопсы үйді тастап,
Мал-мүліктен өзіңе бір тай тимей,
Сенделдің жүгенінді қолыңа ұстап.

Айуандай аяусыз қан төгіліп,
Жылауға әлің келмей құр егіліп,
Шаңың шығып, сандағың сазға құлап,
Үзбеп пе ең үмітіңді бел бүгіліп.

Шыңғыртып жас қызынды сұм жендеттер
Арың мен намысынды қылмап па ед жер.
Жаралы қансыраған жанды көріп,
Денеңді мұздатпап па ед, бір суық тер.

ҚАРАШЫ ДОМБЫРАНЫҢ ЕРКЕСІНЕ

Қарашы домбыраның еркесіне,
Исаның шығып алды желкесіне,
Домбыра — екі ішекті, тоғыз перне,
Арқаның кез болдың ғой серкесіне.

Толқынды топшыменен қақ айырып,
Өлеңнің мен жүзейін өлкесіне.
Самғайын қанатымды жел үйіріп,
Қонғандай Оқжетпестің өркешіне.

АЭРОПЛАН
Жаңа оянған жас қазақ,
Қонақ келді ордаңа.
Қонағынды құрметте
Көрсетсін үлгі далаңа…

Айтайын ба, ертені,
Баяғыда ертегі,
Ертегі еске салғалы
Есептесең ерте еді.

Ертегінің қиялы,
Болжап еді қияны,
Сол қиялдан ұл туды,
Болды ма, кәне, зияны.

Ертегіде бір жас ер
Аралапты талай жер.
Жоқ іздеген жігітке
Кез болыпты дуакер.

Оқымысты дуакер,
Өнерлі екен тым шебер,
Жан салыпты кілемге,
Жаяу жүрмін дегенге.

П/С:Осы жерден алынды.Пікірлеріңізді жаза отырыңыздар!

10 пікір

qyrmyzy
Сағыныштың кімі, постты кішкене басқашалау жазуға болмай ма? Иса Байзақов жайлы бірақ мәліметтерді алып гугл әпшеден, суреттерімен бірдеңелер ойлап табуға болады ғой! Сағынышым қайда осы? Нервім асып-тасып жатыр, соған құртатын ем күнде:)
Ais_97
Сағыныштың бұнда не қатысы бар?
didi0393
бес және сегізінші сынып аралығында сыныбымыз Иса Байзақов атында еди, ұят ай сонда осы ақыннын өлеңдерін дұрыс білмейтін едік масқараааааааааай
Ais_97
Оған көп жылдар болыпты дейсің
followme_alik
Бауырыма жаттатам. =)
qyrmyzy
үйбәәәәй, қайда кетқалдың?
Ais_97
Қайда кетқалдың деп кімге айттың?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.