Өмір зары

...Өмірден орнымды таппай,
Білемін адасып жүрмін…
Сонда да тойымы жоқтай
Тартысып, таласып жүрмін!..

Өмірден өзімді таппай,
Сеземін алданып жүрмін…
Әйтсе де қойымы жоқтай
Әлі де қарманып жүрмін!..

Пендеге сырын аштырмас,
Алдамшы алдағы күн мен
Тіріге тыным таптырмас
Тірліктің жалғанын білем!..

Білсең де бекер екенін
Бәріңің не келер қолдан?..
… Тәңірге, айтшы, не етесің?
Өмірге ынтық қып қойған?!..

3 пікір

Karakulov
Жақсы екен, ұйқасы да таңдаулы-іріктелген.
mairosh

Білсең де бекер екенін
Бәріңің не келер қолдан?..
… Тәңірге, айтшы, не етесің?
Өмірге ынтық қып қойған?!..
ептііііі
qyrmyzy
Кірпіш дүниенің бір тетігін таппай жүрмін қаланатын. Компас та жоқ қолымда…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.