Төрттаған.

Қияр ем дүнияның бар қызығын.
Қас қағым жалт қараған бір сәтіңе.
Шипа боп қалар еді-ау сол бір қарас,
Жүрегімді қинаған көп дертіме.

13 пікір

Manas
Ағасы, жастық шағыңыз есіңізге түсіп кетіп жатқан жоқ па?
Jako
Сендер жастықтың қадірін қайдан білесіңдер," Қолда бар алтынның қадірі жоқ"- деген ғой. Жас келе артыңа көбірақ қарайтын боласың.
Manas
қолда бар алтынды қайда жұмсаймыз сол туралы ақыл айтыңыз, не дегенмен жастықтың дәмін таттыңызғо))
Jako
Компқа…)))
didi0393
четко и метко)))
dimash
Ғабит Мүсіреповтың сөзі еріксіз есіме түсті, дәптеріме көшіріп алып едім:
«Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Қалайда бақ, байлық, мансап тіпті қоғамдық дәреже жегендердің бір де бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп, мойныма асыла кетсе мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүгіре берер едім»
AKA
Түүүһ, шіркін-ай, ә?!
Korkem
пәлі-ай, мынауыңа пілус қоймай кету деген күнә шығар)))
didi0393
мамішки, джынды айтылған екеннн! черные глаза, черные глазааааааа дейсізғой)))
qyrmyzy
ық ық, өзің осы пікірге қалай қарайсың?
dimash
Мен де келісемін осы пікірмен)) Тартылыс күші бар ғой...(
qyrmyzy
Жако ағай, бүгінде дәл осылай сүйетіндер бар ма екен?
Jako
Білмеймін, жоқ па деп қорқамын. Қазір қасиетті деген заттардың бәрі салыстырмалы түрде болып қалғандай. Өткенде СЖ-да "Әкеңді жақсы көресің ба, жоқ шешеңді жақсы көресің ба?"-деген сұрақ қойылды.Не деген сұмдық, біздің кезімізде екеуін бөле қарау деген қорқынышты еді.Қазір бәрі өзгеріп кетті ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.