Тәуелсіз ел ұрпағы

Елің азат, сенің ғажап ғұмырың.
Тәуелсіздік алқабындай өмірің.
Өз жеріңде асыр салып ойнайсың
Бір құлазып түскен емес көңілің.

Тәуелсіз ел, тағдырындай балғынсың
Тәуелсіздік жүрегіңде жаңғырсың.
Пәк күлкіңнен шашыраған уыз нұр
Болашаққа бақыт ізін салдырсын.

Бүгін бала, ертең үлкен данасың.
Ешбір адам сыртқа теппес баласын.
Тәуелсіздік, қасиетті ұрпақтың
Бір кісідей жаулап алсын санасын.

Қастерлейік, тәуелсіз ел киесін.
Өз еліңді бәрінен ерек сүйесің.
Айналайын еркін өскен жас ұрпақ
Болашаққа өзің ғана иесің.

Бәріненде сен биіксің дарасың.
Айыра біл өмірдің ақ,қарасын.
Атаң саған ғасырлардан сый еткен
Біле жүргің тәуелсіздік бағасын.

Тәуелсіз ел ұрпағысың ұлысың.
Тарихыңдай терең болсын тынысың.
Тәуелсіздік тірегіне айналған
Сен еліңнің баға жетпес құнысың.

Тағдырыңды бағыттай біл еліңе.
Құт-береке әкел байтақ жеріңе.
Тәуелсіздік құнын әркез ескеріп
Шығара біл, мәңгі биік төріңе.

1 пікір

AKA
Ілмектеріңізге құладым, жақсы. Қайталап жазған екенсіз, онда алғашқысын жоя салыңыз. Рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.