Жек көремін арақты...

Жек көремін арақты,
Арақты!
Талай жанның
шаңырағын қиратты,
уықтарын таратты.
Бұл арақтың кесірінен
Талай жанның көзінен
жас емес, жас емес
қан ақты!
Атам қазақ спиртсіз-ақ
Ішкен қымыз, шалапты.
Имандылық болса егер бойыңда,
Таста сыра, шарапты!
Бабамызда мұндай сусын болмаған!
Береке әкелген жоқ ол маған, ол саған.
Арақ ішкен оңбаған!

38 пікір

Kan
Үгіттеу тарапынан жақсы тақырып. Сәл ұйқасынан ауытқығаныңыз болмаса жақсы жазылған. Мағнасы жанды жерге тиердей нақты түсіндірлген. «Арақ деген оңбаған» емес «Арақ ішкен оңбаған» дегенің де алде қайда жақсы болар ма еді. Әрі ұйқастары да қызық "өзің оқып,ұйқастырып ал" дегендей бір түрлі ерекше екен.
Madi
түзедім.
Kan
Жарайсын. Өлеңді көп жазатын ба едің?
Madi
анда-санда бір нәрсе шимайлаймын.
Zhanat
Арақтан басқа тақырыптардағы өлеңдеріңізді жіберіп отырсаңыз
Zhassiko
О-о СәлемМаке, Қалайсың? Қайда жүрсіңи?
Че та мынаны бір жерден оқығанмын, дереккөзді мында салжерші..)) Сөздері өте таныс…
Zhassiko
ой, кешіріңіз, сізге кетіп қалыпты..(((
MSHERIMBEK
Шабыт енді ашылып жүр ма?:)))
Madi
Бұл негізі СЖ-ға жазылған болатын.
Былтыр жазда жазғам хы хы
Madi
Суретті өзгерттім.
mairosh
ілмек өрт))))) өлен қысқалау екен толық аша алмады арақтың қасіретің
Madi
Иа, бұл ұзаққа созылған еді, соңғы жағы былжырақ болып кеткен соң оны жазғам жоқ.
AKA
Жеткізу жағы ұнаған жоқ.
AKA
Жоқ, тым қиын, мынадай нұсқамен арық ішетіндер санасына жеткізу… қайдам…
qyrmyzy
Мен де жек көрем! Ішіп алып, әйелдерін соғатын еркектерді жек көрем!
qyrmyzy
ық ық, ішіп алса, ұйқтайтын еркектерге РЫСБЕК! Әйеліңізді соқпасаңыз болғаны…
qyrmyzy
не ғо, мен сізді әлі адам қатарына қоса алмайды екем, сіз де вввдаблюдаблюдаблю тектес адамсыз…
qyrmyzy
Рубен?
qyrmyzy
очм, қайырлы түн!
pari
Жек көремін
Жеп емес пе? Жек деген сөзді жеке алып қарасақ мағынасы жоқ сияқты…
qyrmyzy
қазақ тілінен сабақ беретін апайыңа барып айт!
zhomart
Жеп қойсай онда)
Karakulov
Санасы жоқ, жаны жоқ
Арақты кінәлаудың мәні жоқ.
Сауабы жоқ, сыйы жоқ,
Арақ ішіп жүргеннің
Өз басының миы жоқ!
khairbek
Арақ деген шайтан
Бауырым рас айтам
өзімнен ештене коспадым
Солай деді ҚҰРАН
*****
Karakulov
Аллах берген емін де, панасын да,
Құран айтса, әрине, нанасың да.
Арақ деген тек шайтанның қаруы тек,
Ал кінәрәт адамның санасында.
Құлшылық қып, күрессе де болушы еді.
Тоза бермей, құрығанда арасында.
Сақтанғанды сақтайтын қамқор Аллах
Көрсетпеуші еді арақтың қарасын да.
MSHERIMBEK
Анда санда ішіп тұруға рұқсат беріңіздерш а:))))
qyrmyzy
жәәәә, ішетін адамның сөзі мес
MSHERIMBEK
Жаңа офисте кішкене намектамадыңдар да ғо:)))
qyrmyzy
ана екі кісіден ялдық, әйтпесе бүгін не Ербол, не Беконың киімінің тізесін шығарамыз ба деп барып ек…
qyrmyzy
ық ық, неге?
Abylai
үнсіз плюстап кете алмадым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.