Сиқырлы сезім

Өмірде мұңды сырын шертеді
Сүюден жаным еріп кетеді.
Қолыңнан ұстап діріл қаққанда,
Бойыма нәзік сезім бітеді

Шырқасам әнім кімді елтеді
Қиял мен арман алып кетеді.
Еркелей білген еліктей қызды
Жүдеген жаным мәңгі күтеді.

Аңсаумен сені күнім өтеді
Сыңғырлы күлкің бақытты етеді.
Өзіңмен жаным жарық емеспе,
Келетін күннің сырлы ертеңі

Қайда екен жаным бақыт мекені?
Өзіңді ертіп барсам қайтеді
Бақыттың тауып үлкен қаласын,
Мәңгілік болсақ солда жетеді

Бұл өмір өзі қиял ертегі
Қожанасырдай өлеңдетеді.
Хор қызын сүйіп, ғашық боп қалдым
Сиқырлы сезім арбадау тегі

2 пікір

AKA
Байқағаным, шылау мен жалғаудан көп адам қателеседі екен, сіздің де өлеңдерде кездеседі. Арасында үзіліс жасап, поэзиядан бөлек, басқа да тақырып қозғалса игі еді…
tts_arman_tts
Меніңше Өлең ойымнан щықты, Бірақ «кетеді» көп Былайша жақсы, Бізде өлеңді жазайық
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.