Досыма арналады

ДОСЫМА

Жаныма жалғыздық көп тиіседі,
Жансарай-сырға толы мүйіс еді.
Тағдырдың тоғыз жолды торабы бар,
Жолымыз енді қашан түйіседі.

Бұл күнде өзіңді ойлап жабығамын,
Өзіңді сәт көрмесем сағынамын.
Өмір де осыменен қызық екен,
Амалсыз жазғанына бағынамын.

Жаныңның жылуына мен табындым,
Кетсең де арасында сен сағымның.
Өзіңмен мен біргемін, өйткені әркез,
Жанымнан әрқашанда сен табылдың.

Ақкөңіл ниетіңмен жүректесің,
Бір мектеп екеумізді түлеткесін.
Мәңгілік өмір жолы бірге болып,
Ешқашан арамыздан қыл өтпесін.

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!