"Сіңліме сыр"

Осал да болма ойыңнан оңай адасқан,
Өжет те болма орынсыз сөзге таласқан.
Алдымен қызға керегі пәктік, адалдық,
Одан соң, жаным, жаз мінез керек жарасқан.

Айтарым тағы берік бол сертке бір сөйле,
Сабырлы таудың мінезі керек күлсең де
Қыз мінез деген-сұлулық сыры өмірдің,
Жұмбақтай қиын жатқандай болсын бір сенде.

Десек те біздер«жастықтың сырын аз ұқтық»,
Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықтық,
Ісіңнен кейін есіңе сақта, жарқыным,
Жеңілмес мықты қаруың сенің-нәзіктік.

Қайғының жүгі жаныштап сені жатса да,
Досыңды«тағдыр талқысы сол»деп тастама.
Дұшпаның сенің ойласа алуан қастандық,
Қалай да өзің жақсылық ойла басқаға.

Қадірлер сонда қалтқысыз танып асыл ер,
Өзгелер сені«адамның бірі-осы»дер.
Артыңа тиіп, жолыңды кескен тентектер,
Алдыңа келіп,өздері кейін бас иер!

Авторы: Ақұштап Бақтыгереева

11 пікір

Kan
Жанымау мынауың өлеңғой. мен қашаннан осыдай ақынқызды іздеп жүрмінғой. жарайсың өлеңіңде мін жоқ. мағнасы да ұйқасыда керемет. әттең сенімен таныс емессің. сен ақылдысың Алла разы болсынм ата — анаңа Аллаһ тек жақсылық берсін. Сіңілің бақытты болсын
AKA
Меніңше, saktauova ханым тек өлеңді бізге жеткізуші, ал өлеңнің авторы соңында көрсетілген.
pari
Өлең жақсы жазылған, тек бір түсінбегенім ілмектегі
windows 7
-нің өлеңге қандай қатысы бар?
pari
қандай тілде?Қазақпызғо
AKA
Стандартты ілмек, яғни мысалда көрсетілгенді жазған дейді.
pari
жақсы аудармашы шығады сізден ©
AKA
Сірә, алғаш тіркелгеннен соң қалай жазарын білмей, мысалдағыны жазса керек… Қош келдіңіз дейміз, көмек қажет болса дайынбыз.
saktauova
салем достар. иә бугін алғашқы күнім, сондықтан білгеннен білмегенім көп сиякты мында))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.