Алыс Бейнем!!!

Құба кеште күн кешемін кешкілік,
Түнім тыныш үнің бірақ естіліп
Жұлдыздардан жыр жазамын жалықпай,
Сені ойлағам қалсам егер ес біліп

Сағынышың сені алдаған сендіріп,
Келеді деп жүрмекенсің сен күліп
Жасаураған жастарыңа сендегі,
Мен жүремін мұңдарымды жеңдіріп

Жаршысындай сол күндерді сағынған,
Іздейсіңбе келеді деп сағымнан
Енді өзің бастан кешіп жатсың ба,
Менде сені сонша іздеп сабылғам

Тамшысындай сен жылаған жастардың,
Енді өзіңе сағыныш боп басталдым
Ана жұлдыз сен боп ағып жатсаңда,
Қызығына тояалмаймын аспанның

Қалыс қалып мен жететін арманға,
Кірпігіңе мұң ілініп қалған ба
Неге сонша жастарыңа тұншығам,
Жоқ секілді сендей сұлу жалған да

Бізге арман үміт сырын сақтаған,
Сезімімді саған ғана ақтарам
Білесіңбе мейлі алыс жүрсекте,
Қадам бассам жететіндей шақ қалам

Терезеден түнге ұзақ қараған,
Жұлдыздарды жалыққанша санаған
Кездерімді түсіремін есіме,
Өшіп сірә қалмасын деп санадан

Қоңыр күзде мұңдар келіп жабысқан,
Күндер өтіп бір бірімен жарысқан
Егер мені соншалықты сағынсаң,
Желмен ұшып келер едің алыстан автор АРМАН БИІМБЕТОВ

“Бұл өлеңнің мен үшін орны бөлек”

10 пікір

User
Поэзия менімен егіз бе едің деген блог жабылса екен ішінде кілең қоқыс посттар құсық өлеңдер
MSHERIMBEK
Шаришь ты амиго:)
didi0393
Карасакал бро тағыда реалист адам келд арамызга :)))))
User
Сгин соны айтамда кілең құсықтар сауатсыз ақындар күйем сүйем деп нептему қуад.
MSHERIMBEK
Ойыбай, ақындар әулие келеді:) Киесіне қалмайық, епті-ау:)
User
киесінің атасының аузы.
Dan4ik
хахахаххаах User сенде жібереді екенсің..)))))))
didi0393
как же я тебя понимаююююю!))))))))
MSHERIMBEK
Бырат, өлеңде теңеу деген нәрсені жақсы шеберлікпен жазады екенсің. Бірақ, стандартты өлең. Не болса да жүректен шыққаны көрініп тұр (ну, басқа қайдан шығатын ед) Өлеңнің кішігірім тарихымен пост ретінде жазып кетсең нұр үстіне нұр болатын еді.
Kan
Ақындерем мен кімді ақын дерем,
Ақылы асыл, кеменгер ойы терең.
Қор болды-ау шабытсыз ақындардан
Арзан сөзбен өрілген қайраң өлең-деген осынау өлең жолдарын жақсы түсінсең сен жақсы ақын болғаның. Егер түсінбесең халықты жалықтыратын өлеңді жазудың еш мағнасы жоқ текке күлкіге қаласың. Жалпы өлеңің жаман емес талантың бар. енді соны жақсы сындармен, өткір талпыныстармен шыңдай біл. Жолың болсын бала батыр!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.