Өмір туралы өлең

Өмір туралы өлең
Шыда, шыда
Шыдай түс, шыда тағы
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Үміттің Кұлан иек қула таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады…
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып, табынбағын.
Шыда, шыда!
Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға…
(Мұқағали Мақатаев)

1 пікір

MSHERIMBEK
Қызым-ау, Серік ағаң еліңді алтынымен қуантып жатқанда, сен Мұқағали атаңды жылатып отырғаның не?:)))
AKA
Мүмкін болса өз туындыларыңыздан жазып отырсаңыздар екен, үлкен өтініш.
Kan
Мұқағалидің өлең дері қашанда Серік алған алтынмен тең.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.