Менде бір өлең жазып кеттім.

Менде бір өлең жазып кеттім

Өлеңім жалын болып тамшылайды
Бір қайғы, бір қайғыны қамшылайды.
Берекесіз әлемде белең алған,
Адамдар, арсыздығын жасырмайды.

Бүгінгісін мақтау қып масаурайды.
Әлсіздерді аямай, құр алдайды
Жесірді ойнас етіп қорлап қойып,
Реті келсе жетімді жазалайды.

Жаратқанның құдіретінен қорықпайды.
Шынымен олар соқыр түк ұқпайды.
Алдамшы дүниеде жүз айналып,
Уақытша тіршілікте қалықтайды.

Дүниенің дүрсілінен қажып кеттім.
Заманның зарынан азып кеттім.
Құйындаған өмірдің өзегінен,
Менде бір өлең жазып кеттім.

4 пікір

AKA
Менде
Мен де
Kan
Сен де не істедің????????????????????
VVVWWW
«де» бұл жерде шылау, бөлек жазылады АКА соны айтып отыр дағы
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.