Анамды сүйем!

Анамды сүйем

Көңілі бейне алтындай.
Анамды сүйем, күн нұрлы.
Анамның жазған хатындай,
Жүрекке сырлы жыр тұнды

Анамның ақыл сөзінде,
Өмірдей үлкен сыр жатыр.
Ай тәрізді жүзінде,
Жұлдыздай жарық жол жатыр.

Анамның құрған тағдыры.
Біздерге болды қол шатыр.
Заманның жұпар сан гүлі,
Тек анамнан кеп жатыр.

Көңілі көлдей көл-көсір
Анамыз мейрім шырағы
Бала көңіл бір көсіл.
Ананың жұмақ тұрағы.

Анамды сүйем мәңгілік.
Құшағын жылы сағынып.
Көзінен бейне таң күліп,
Айналамды сән қылып.

14 пікір

Jako
Анамды сүйем мәңгілік.
Құшағын жылы сағынып.
Көзінен бейне таң күліп,
Айналамды сән қылып. 


Сағынамын!
Kan
Сағынып деген мағнасын жоғалтады деп ойлайсыз ба?
Jako
Жоқ Кан, мен анама деген өз сағынышымды ойлап отырмын, өлең әсерінен.
Kan
Ананыз аман болсын ИншАлла
pana
Анамның құрған тағдыры.
Біздерге болды қол шатыр.
мына жолдары қатты әсер етті
Kan
Рахмет анаңыз мәңгі жасасын
didi0393
Алладан тілерім мамаларымыз аман, денсаулықтары мыкты болсын, балаларының жанында кызыктарын көріп өмірлері ұзак болсын деп тілеймін! иншАллах!
Kan
Аумин Алла тілегиңді қабыл етсін аналар аман болсы әр қашан
ereke_enu
Бүгін сөйлесіп, марқайып қалдымЖылдан асып барады оларды көрмегелі(((
Kan
досым анаңды сағынып жүр екенсіңғой. анаң аман болсын
ereke_enu
Әттең, өсіп кеттім, көрпенің астына кіріп жылап алар ма ем))) Рахмет, бәріміздің анамыз аман болсын.
AKA
Анамды қатты жақсы көрем, құшақтааааап қасында жатқанға не жетсін. Аман болсыншы, аналарымыз, отбасымыздың амандығын тілеймін.
Kan
АКА аумин айтқаның келсін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.