Әттең-ай,әттең-ай

Әттің-ай әттең-ай!
Өмір өкініштерге толып кетті.
Арманым өткен күнге еріп кетті
Болашақ әп сәтте құрып кетті.
Мың қайғы, бір жүрекке сыйып кетті.

Әттең-ай,әттең-ай!
Тағдырым не боп кетті?
Қиял да қисынсыз, қиып кетті.
Қайғының қоқысын үйіп кетті.
Тамырды түбінен түйіп кетті.

Әттең-ай,әттең-ай!
Сезімдер сақталмай шіріп кетті.
Санама жаман ойлар кіріп кетті.
Әлсіздік бойыма сіңіп кетті.
Үміттің инесін иіп кетті.

Әттің-ай,әттең-ай!
Бәріде, бәріде күйіп кетті.
Сап-салқын нөсерлер құйып кетті.
Таяқтың бір үшы тиіп кетті.
Жылаған көздерім ісіп кетті.

Әттең-ай,әттең-ай
Тағдырым не боп кетті.
Өмірім өкінішке толып кетті.

3 пікір

User
Бұл Паридің кешеғі ғаламат ***ашылыс кезінде айтылған сөзі
Әттең-ай,әттең-ай
Тағдырым не боп кетті.
Өмірім өкінішке толып кетті.
Korkem
Бір өлең бар еді ғой…
Әттең-ай, әттең-ай,
Дүние неткен тәтті ең-ай.
Жарасқаны қинайды,
Дәм-тұзымның жатпен-ай...
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.