Кішкентай күнә.

─ Күнәң бұл, осымен нешінші?!
─ Күнәсіз адам жоқ… Кешірші…

Кешірші кішкентай күнәмді,
Кешірер Құдай да кінәмді.
Қасыңа жатпадым мен неге,
Басыма жастанып Құранды?!..

Бейтаныс бір әйел азғырды.
Алдады. Арбады. Аздырды.
Мойныма мініп ап сол сайтан,
Қойныма кіріп ап… мәз қылды.

Әлгінің әккісін айтам-ай,
Бүлдірдім,
Бүл-дір-дім байқамай!
Қолымнан келетін дәрмен жоқ,
Соңымнан қалмай жүр, сайтан-ай!

Ойыны о, неткен күшті еді,
Ойына келгенін істеді.
Бір кәрі қаншықтай құтырып,
Тырнады. Талады. Тістеді…

Жылама, қой енді, жылама,
Жылауға хақың жоқ, сірә да.
Бейкүнә еркектің барлығы,
Батып жүр осындай күнәға…

Бір пәле бүлкілдеп ішімде,
Берекет болмай тұр ісімде.
… Көзіңе шөп салдым, ия, рас,
Кешірші… мен кеше… түсімде…

Алмас ТЕМІРБАЙ,
Көкшетау қаласы.

6 пікір

Kan
Түсі болмағанда Алмасты боқтайын деп жатыр едім «кішкентай күнә емес үлкен күнә ғой» деп. Бірақ менікі өкінішке орай түс емесқой.
Jako
Енді сені не істейміз)))
qyrmyzy
өңіңізде де тыным бермей жүр ма еді?
Jako
Рубен, "Ұялу-деген ұятсыздардың ісі, біз ұялатындай ұятсыз емеспіз"- десек ше?))
Jako
Осы бір күнәнің көптігінен жұмақта бос орындар көөөп шығар. (Ясиннің құлағына алтын сырға)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.