Қажыту

...Қажытқан қысы өмірдің,
Қайтесің мені, қарағым?..
Жалыны сөніп сезімнің,
Тараған сынды базарым?..

Өзіммен өзім алысып,
Шаршадым сенсең!..
Өтуде күндер жарысып
Ұрлаған көңіл шуағын…

Жауатын бұлттай түнеріп,
Жатырда сөнген жасындай…
Жауқазын менің жүрегім
Қураса қайтем ашылмай?!..

Жылаған үнсіз егіліп,
Жеңіліп түпсіз мұңлы ойға…
Көңілдің көгі сейіліп
Жыр төгер, жаным, күн қайда?!..

Жарыққа, нұрға талпынған,
Құдай ау, қайда сағым күн?!..
… Ауылдың исі аңқыған
Көктемді, сағындым!..

1 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.