Арнау,асылдай болған асыл ағатайыма арнаймын

Тоқсан жолды тораптан,
Қатал тағдыр оқ атқан.
Ағам ау жарқын бейнеңді,
Біздер мәңгі жоғалтпан.

Сен Біздерді еркелеттің ау,
Өмірден ерте кеттің ау.
Әттең ай қаза таптың да,
Өзекті өртеп өттің ау.

Төгейін мұңмен зарымды ай,
Жоқсың ау аға жанымда ай.
Қайтейік бізде шара жоқ,
Тажал деген залымға ай.

Арманда кеткен ағам ай,
Сарғайды менің санам ай.
Тәубе етеміз Аллаға,
Жоқ бізден басқа амал ай.

Жапырақ күзде соларда,
Қайтады құстар оларда.
Ағажан едің ерекше,
Өзіңнің орның толарма.

Кеудеге уайым сыймайды,
Ұмытпан аға тұлғаңды.
Жарық болғай тұрағың,
Бол аға енді иманды

27 пікір

m170785
13.08.2012ж, сағат 22.30 ағатайымнан қапыда айырылған күнім, арнау өлеңім
Ak123
Арты қайырлы болсын!
m170785
амин, айтсын
Kan
Ағаңның жаны жәннатта болсын. бірақ «Тажал» мен «ажалды» шатыстырмаған жөн. адам жанын алатын Тажал емес. Аға арнаған арнауын жақсы екен тек шатыспа.
qyrmyzy
Иәә, арты қайырлы болсын! Қыста мен де ағамнан айырылғам. Қалай Алматыға келдім, солай бауырына басып еді… Сенбі сайын қолхатын жазып, ағамның үйіне апарушы еді. Жексенбі не кіші, не үлкен ағам қайта интернатқа жеткізіп салатын. Дәптер, қалам… менде уайым болмайтын… Кіші ағам үйленді. Ұлды болды. Жеңгем тағы бір ұлды әкелді өмірге.
Бір күні жатақханада тыпыршып жатып әпкемнің үйіне қатты барғым келді… Бармағаныма үш айдай ма болып еді. Жексенбі… кеш болды. Менің барғым кеп тұр… Жиналдым да Тастақ жақа шықтым. Күн батып кетті жеткенімше. Мені көрген әпкем «Бір күні ет асып шақырмақшы ем» деп тиісіп те үлгеріп еді. Үйге кірсем кіші ағам жүр. Біраз әңгімелестік. Тамақ ішіп алған соң, үйіне кетті. Артынша мен де жатақханаға кеттім.
Ертеңіне сіңілім (әпкемнің қызы) кіші ағамның қайтыс болғанын айтты… Сабақ үстіне не істерімді білмей қалдым… Сол күні сыныптасымның ұзату тойы еді Оқушы кезім көз алдымнан өте берді, өте берді… Кішкентайы енді ғана қырқынан шыққан болатын. Әке иісін сезінбейтін болды-ау. Келесі айдың басында жылын береміз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Балаларың өзіңе тартса екен, Марат ағам (нағашы ағам)
m170785
Қалта телефонмен, одан кейін үй телефонмен сөйлескен едік арқа жарқа болып, Алматыға келетіндей болып балаларымен келіп. Ауырған да жоқ, сырқаған да жоқ, 20 минуттан кейін хабар келді ((((. Аманатын орындап балаларында әкелдік, қыркүйекке дейін демалып жүретін. Кеше ағама арнап құран оқыттық, барлық меймандар бар, естігені бар, естімегені бар. Бір жаққа кетіп қалғандай болып тұрады, қайтып келердей. Ұрсып жатып, әзілмен айналдырып жіберетін. Кіші баласы не білсін? Ойын баласы ғой, әйтседе сезетіндей бірнарсені. Баламысың деген. Бүгін қарап отырсам, басы төмен салбырап кеткен, жер шұқылап отыр Жанымның. Кейде сұрағанын бәрін алып беріп жүрмін, кейде көзіне жас алады. Не барі жасы 7 де. Жарық сәуле еді мен үшін (((((
Ais_97
Мақсат аға, ағаңыздың жаны жаннатта болсын, ағаңыз сізді желеп-жебеп жүрсін! Мұңды өлең болғасын ба, көзіме еріксіз жас келді!Өз бауырыңды жоғалту оңай емес, бірақ Алла тағдырды солай жазса не шара?! Менің де басымнан сондай жағдай өткен, оны жүрегімді ауыртып, айтқым келмейді!
m170785
Айсара көңіліңізге, ниетіңізге рахмет, жақсылығыңыз көбейе берсін
Ais_97
Айтқаныңыз келсін, иншалла!
m170785
барлықтарыңыздың жақсылықтарыңыз алдыңыздан жарылқасын ((
m170785
Біле Білсеңіз егер өзіңізге тым жақын адамдарыңыз болады, сол тым жақын ағам осы еді. Қалжыңбас, әзілқой, алпамсадай адам еді, кең адам еді марқұм, бұны естігенімде үстіме мұздай су құйып жібергендей болды. Басқа ағаларыма бұндай тым жақын емес едім, бұл ағамды тым жақсы көретінмін, басқаларын бөтен адам сияқты болып көрінетін, ал бұл ағам өзімнің жекеменшік ағам болды. Басқаларына жуымайтынмын. Қанабек Байсейітовке ұқсатушы едім, әрі аттас едім марқұм. Ең болмағанда 40 жасқа толғанда, толмай кетті ((((. Сағынышыммен, іздеумен туған жырым ғой түсінсеңіз, бастарыңызға, отбасыларыңызға бұл пәлекет келмесін деп тілейінші, аман болыңыздар ((((
Zhanat
Иманы салауатты болсын
pari
Қайырлы болсын! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
m170785
көңіліңіз үшін рахмет, жақсылықтарыңыз молая берсін
pari
Айтқаныңыз келсін!
m170785
Бүгін асылдай ағамның туған күні, әттең 39ға толар еді....((((
Jako
Мәке,қанаты бүтін сұңқар, тұяғы бүтін тұлпар жоқ,қайраттан бауырым! Ағаңның қалған жасын балаларына,өзіңе нәсіп етсін Алла!
m170785
Жәке рахмет көңіліңізге, айтсын. Сіз секілді кең адам еді, пошымы, түрі емес, кең адам ірі.
m170785
Бүгін асылдай ағамның 100 күндігі (((
m170785
Асылдай болып кеткен ағамды сағындым, бақұл бол ((((
yesbolat83
Арты қайырлы болсын, дос. Ағаңызға арнап берген садақаларыңызды, бағыштаған құрандарыңды Аллаһ Тағала ағаңыздың руғына сауаптардан жазғай. Қабырдың рахатын сыйлап, ахиреттік азаптан сақтасын.
m170785
Айтсын Есеке, көңіліңізге, ниетіңізге рахмет, алдыңыздан жарылқасын, әлей болсын. Еріксіз бүгін көңілім түсіп, бір жас келді. Ондай көңілшек емес едім, осы «жекеменшік» асылдай ағамды қатты сағынғандықтан болар (((
yesbolat83
Сенің қазіргі жағдайыңды түсінем. Себебі мен де осыдан жеті жыл бұрын ағамнан айырылғанмын. Ақылын айтып, қамқор болған, студент кезімде қаржы жағынан еш қиналмаппын ағам барда, қайтыс болғасын орнына жұмысқа орналастым. Жаны таза, абзал жан болатын. Адамдарға көөөп жақсылық жасаушы еді. Алдынан жарылқасын. Менің де ағам 39 жасқа толды наурыз айында. Өкініштісі артынан ұрпақ қалмағаны жанымды қынжылтады.
m170785
қайырлы болсын, Орнын басар сіз барсыз ғой. Әттең тонның келтесі ай осындай алтындай асылдай адамдардан
yesbolat83
Әмин. Аллаһ разы болсын.
m170785
Міне бір жыл да өтті (((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.