Есің барда...

… Есің барда етек жисаң несі мін,
Жолы емес пе жақсының?..
Қарызымды қайтпас күндер көшінің
Құзырына тапсырдым!..

Есі барда елін тапса несі мін?
Жетелейді тәтті мұң…
Парызымды қайтып ашпас есігін
Болашаққа тапсырдым!

Есің барда ескергеннің несі мін?
Жетері анық сөренің…
Кәлима боп ашар өлім бетінің
Пердесін жыр өлеңім!..

1 пікір

Kan
өз туындың ба? ауыр өлең екен. сөздері мағнасын терең ойға жасырғандай
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.