Жұбату.

Жанарыңды жасқа малып жыладың,
Жұбата алмай іштей үнсіз тынамын.
Жылап тұрып, жүрегімен езіліп,
Жаратқаннан бақытыңды сұрадым.

Жаным менің, жәудіреген, Елігім,
Аямай-ақ мұңайтты екен, сені кім.
Абайсызда жүрегіңді жылатып,
Сеніміңді алдады ма, серігің.

Жанарыңа жас тамшылар тізілді,
Көргім келмейді, мұңға батқан жүзіңді.
Баяғыдай жалт-жұлт етіп жүрмейсің,
Жан дүниең бірақ сәтте бұзылды.

Жаным менің, ойнақтаған, Лағым,
Неге мұнша көз жасыңды бұладың.
Көңіліңді кірлетіп ап бір пәсте,
Жапалаққа айналды ма,Қыраның.

Жыламашы, ауырады жүрегім,
Жақын тұтар асыл жанның бірі едің.
Өксігенмен өткеніңе өкініп,
Қыз дәуренің қайта келмес, білемін.

Жарым менің,үлбіреген, Ақ гүлім!,
Былғанды ма, қапылыста пәктігің.
Жиі-жиі жабырқайсың мұңайып,
Уайымды жүрегіңе тақты кім.

(Кім жазғанын білмеймін, білсеңдер жазыңдар).

7 пікір

Kan
Кім жазғанын менде білмеймін. Қыздарға ұнайтын өлең екініне сөз жоқ. Тек жыламасын қыз дәуірін жоғалтқандар абайсыз…
Jako
Бала кездердегі жазбалардан тауып алдым,балдызына ма,әйтеуір бір жақынына арнап жазылған өлең.
m170785
Ағасы жақсы екен.
Jako
Кім біледі кім жазғанын, мүмкін…
Delfina
Мүмкін сіз шығар осыны жазған ))))
Jako
Кім біледі, білмеймін дедім.
Delfina
Мына өлең жұбату үшін емес, жылату үшін жазылғандай.
Kobelek
«Жан дүниең бір-ақ сәтте бұзылды»- деп тыныс белгілерін дұрыс қойып жазу керек сияқты.Авторын мен де білмеймін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.