Отыз ақ жылда өлеңде өшпес ізін қалдырған...

.Кеше, яғни 4-қыркүйек, өлеңдері 1970-1980ж.ж. жастардың ауызынан түспеген ақиық ақын Төлеген Айбергеновтың туған күні тып-тыныш өтіп кетті.Қазақ поэзиясына тың серпін әкелген ақындардың бірі Т.Айбергенов, бар жоғы 30-жыл ғұмырының (1937-1967ж.ж.) ішінде өлең деген әлемге өшпес із қалдырып кеткен ақын.Осы «Меніңде бір тойым болар,...)-деп кеткен ақиық ақынымыздың есте қалған бір шумақ өлеңін жарияламақпын.Бір күні Төкеңнің де дүбірлеген тойы болар леп тілейік

Бір көргеннен адам сыры байқалмас,
Байқаймын деп бәлкім ешкім айта алмас.
Кей жандар бар ұйып тұрған қатықтай,
Анау-мынау қозғағанға шайқалмас.
Көбінше оған аса көңіл бөлмейсің,
Бөлсең де оның терең сырын көрмейсің.
Сондықтан да көп жағдайда қасыңда,
Жан сыры мол жан жүргенін білмейсің.----------Т.Айбергенов.

4 пікір

Kan
Алла ол кісінің жатқан жерін жәннатта қылсын.Біз ол кісінің сырын ұға алмаған шығармыз өнерін оқып, таланты танығанмен.
Jako
Мен осы ақынның өлеңімен сусындағандардың бірімін.
Togzhan
Ең алғаш Т.Айбергеновтың «Ана» атты өлеңін оқыған едім. Ерекше ұнаған осы өлең:
Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Jako
Қазіргі Қазинетте бұл ақынның өлеңдерін табу қиын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.