Разымын

… Разымын Тәңірдің бергеніне,
Тіршілікке келгенім көргеніме!..
Кеткен аз ба көз жұмып жөргегінде,
Өткен аз ба айналып ермегіне?!..

Разымын тағдырым талайыма,
Жүгіргем жоқ тірліктің оңайына…
Жығылмадым күштінің қолайына,
Жәрдем еттім әлсіздің талайына!..

Жаратқанға мың алғыс сезім берген,
Жырласын деп өмірді көзім көрген…
Сұрасын деп езіліп, егілгеннен,
Сақтасын тек тасынып, төгілгеннен!..

Ризамын, Тәңірге, разымын!..
Нұрын төгіп тіршілік шырағының,
Нәрін беріп ұлы өмір бұлағының,
Қанатынан ұстатқан пырағының!..

Разымын бәріне, ризамын!..
Тәубе етемін Тәңірге сиынамын!
...Өз кеудемде тұрғанда шыбын жаным
Көрсем болды өмірдің бұйырғанын!..

6 пікір

Korkem
Аптыры кііім?
Kan
Жақсы өлең жақсы. егер өз өлеңің болса ескерту: таубаның мағнасын шүкірмен шатыстырмаған жөн. Істеген күнәңа өкініп енді қайталамауға бекінуді-тәуба диді.

Разымын бәріне, ризамын!..
Тәубе(шүкір) етемін Тәңірге сиынамын!
...Өз кеудемде тұрғанда шыбын жаным
Көрсем болды өмірдің бұйырғанын!..
m170785
осы «көрші» ағам ақ…)))
abatai
керемет! менің ойымша бұл Мұқағали Мақатаевтың өлеңі секілді ғой
m170785
жоқ, қателесесіз. Ақиық ақын Мұқағалидыкі емес. Егерде Мұқағали ағамыздыкы, не болмаса Қадыр ағамыздыкы, не болмаса Абайдыкы болса аптырын жазып қоятын едім. Мұқағалидыкі емес, ондай өлеңі де жоқ.
Zhanat
Разымын саған осындай сезім силағаныңа ххххх!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.