Тақырыбын білмеймін...

Қолаң шашың, бал ернің,қыпша белің,
Елігіне даланың ұқсап едің.
Бойыңдағы еш мінсіз қасиетің,
Енді менің бойыма жұқса дедім.
***
«Айлы аспан, сан жұлдыз біздерменен»-
деген сөзің кеудемді жүз кернеген.
Жалғыз жүрмін, ой-қырымды аралап,
Өзің жүрген сол түнгі іздерменен.
***
Қиын екен, жалғыздық, қиын екен,
Жалғыздықтың түсінсең күйі бөтен.
Біз екеуміз көтерсек шаңырақты,
Ант етемін, мәңгі сені сүйіп өтем.

(Кім жазғанын білмеймін)

30 пікір

AKA
Ұнаған жоқ, «мой мир» ә/ж толып жүрген шумақтар.
Jako
Амал нешік, автордың бар шамасы осы шығар, ол қызғада ұнамаған болар…
Kan
Қарапайым жақсы туынды екен. Қазақылығыда аңқып тұр. «Елініндей даланың» «ой-қырымды» осы сөздер
Jako
Осыдан 20-25 жыл бұрынғы қазақтардың сезім білдіруі ғой, бүкпесіз. Ол кезде «мой мир» жоқ еді))
Kan
Арине хат жазып,өлең айтып елікке теңеп даланы меңзеп, ой-қырды айтып керемет намек тастағангой
Ademi
соңғы шумағы ғана тәуірлеу.
Бойыңдағы еш мінсіз қасиетің,
Енді менің бойыма жұқса дедім.
біртүрлі екен. Аға, сізге жараспайды екен.Жеке пікірім!
Kan
Әрине бұндай өлеңге қыздар жақсы пікір қалдыра алады. Жігіттер түсіне бермеймізғой
Ademi
Kan
Енді қыздарға арналған өлең болғансоң айтқанымғой айыпесе… дәл сіздедей қабылдай алмаймызғой. Әсіресе "Қолаң шаш, бал ерін,қыпша бел" деген сөздер
Ademi
менің пікірім жақсы емес сияқты еді… негізі, жігіт жазған өлеңді жігіттер жақсы түсінетін сияқты. Сосын мен бұл шумақтарды құсық ретінде қабылдадым. Маған бір жігіт кеп дәл осылай айтса, жатып ап күлетін ем....жігіттер әңгіме айтуға қорқатыны сондықтан:) қара сөзге не жетсін??? Жәй ғана
сені ешкімге, еш нәрсеге айырбастамаймын
деп айтса, жеткілікті. Мыжып, мынадай құсық өлең арнағанша!
Jako
"Құсық"-деген сөзді жиіркенбей жазған адамның өзі де сондай менімше,әсіресе қыз болса.
Ademi
оны инет жаргоны деп қабылдағаныңыз дұрыс, аға!
Jako
Құрысыншы сонда да құлаққа жаман естіледі,Қазнетті бір жақсы дәрежеге көтерсек деп жүрміз десіңдер ғой, бірдеңе болса.Дұрыстап сөйлескен жақсы шығар.
Ademi
жақсығ аға, онда өлең онша емес екен. Жоғарыдағы өлең емес, жәмән шимай
Jako
Рахмет, сол үшінде елдің пікірін білгім келіп талқыға салып отырмын.
Jako
Адемі,))) ағаңды шешесінен осылай туды деп ойлап жүр ме едің, қалқам? Бізде жас болғанбыз, сонан соң мен жаздым деген жоқпын ғой қателеспесем.
Ademi
иә, оныңызды оқыдым, сіздікі емес, бірақ сізді осындай өлең іледі деп ойламаппын
Kan
Адемінің әдемі сөздері-ай. Еркелеп өскен еліктей қыз шығарсың. Құсық деп қысып айтқаның не? Сосын Jako айтқандай 20-25 жылы жазылған өлең болса ол жерде біздің аке шешеміздің махаббаттары жатырғой.
Ademi
махаббат қашан да махаббат! Махаббат бөлінбейді. Әке-шешеміздің махабббаты, әже-аталардың махаббаты… сұмдық! Бір өлеңмен сол заманның келбетін бермексіз бе? Мынадай өлеңді блогқа салудың қажеті жоқ, меніңше
Kan
Махаббат әрине қашанда махаббат өзгермейді. Тек оның негізі өзгермеседе құрылымы өзгередіғой. Егер сен әжеңе осы өлеңді оқытсаң жылау мүмкін. Ал Айдын Төлепбергеннің «пах-пах қандай иіс» өлеңін әжеңе тыңдатсаң ұрыс естімек түгіл таяқ жейтініңде сөз жоқ.
Ademi
Құрылым өзгереді???? Дым түсінбедім. Мына өлеңді марқұм әжеме оқытсам, «кет-әй, мынадай өлеңді жазып жүрген кім?» дейтін еді. Айқынның өлеңіне де солай деуі әбден мүмкін! Меніңше, сезімді жеткізу тәсілі өзгеріп барады…
Jako
Кан мырза! Жастар згоист болып өсіп келеді, олардың ата-әжелерінде,әке-шешелерінде махаббат болмаған сияқты, бір инкубатордың балапандарына ұқсайды.Ойлары өте саяз,әрине бәріне бірдей топырақ шашудан аулақпын.
AKA
Жастар згоист болып өсіп келеді
Дәл осылай тәрбиелік көрсетсеңіз… тіпә-тіпә, көз тиіп кетпесін. Қарға екеш қарға өз баласын «аппағым» деуші еді, кешірерсіз! "құсық" дегенді мен де жек көруші ем, осыны айтпауға да бел буғам, бірақ кейде айтуға тура келетін жағдайлар болады екен…
Daniar_alan
Айды алып саған, силай алмаймын жарқыным.
Махаббатымның саябырсыды-ау қарқыны.
Бақытты қылшы, "әкесі" дейтін сызылып
Ғашығым емес, әйелім болу арқылы.
Көре жатармыз тағдырдың басқа салғанын
Тұрмысқа шықшы ысыра тұрып қалғанын
© A63a1

жәй… есіме түсіп кетіп ляқтра салдм…
Daniar_alan
жаҚс шыққан Ә бірақ…
Ademi
Әбеке былай нетті ма?
Daniar_alan
нетті? үйленді? жоқ. шығарды? ия!
Ademi

Бақытты қылшы, "әкесі" дейтін сызылып
керемет жолдар! Мынау — өлең. Қызға жазып жіберсе болды…
Jako
Тамаша, таза табиғи, махаббаттың соңғы стадиясы бәрібір осы болады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.