Армысың, ақ парақ!

Армысың, ақ парақ!
Сен қайтесің, жаныңды мұң басқанда,
Өз-өзіңмен оңаша сырласқанда.
Ақтарылғым келеді барып менің,
Өгейсінген өзімдей мұңдастарға.

Сен нетесің, сондай бір сәттеріңде,
Мұңның шаңы іліксе пәк көңілге.
Қараймын да отырам ондайда мен,
Қалам ізі түспеген дәптеріме...

Мұқағали Мақатаев

Өзім де дәл осылай басымда қаншама ойлар қайнап жатса да, ештеңе жазылмаған ақ парағыма қараймын да отырамын. Сондықтан осы өлең өзіме жақын. Қауымдастыққа қосып қойғанды жөн көрдім.

3 пікір

Jako
Бізге өкпе жоқ қой, жазбайық демейміз Мұхаңдардан сөз қалмаған.
VVVWWW
Өте Жақсы өлең қауымдастыққа қосып қойғаның жақсы болды
dimash
кейін осы да хит болып шықса таң қалмас едім, Мұқағалидін біршама өлеңдері қазіргі әншілерге жақсы болды ғой, айтуға жеңіл, мағынасы терең.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.