Сары күз

Үстемдік құрып сары күз,
Қамалды мұңға жанымыз.
Қамсыз да, мұңсыз шақтарды,
Шығарып салдық тағы біз.

Үстемдік құрып сары күз,
Сарғайды жасыл бағымыз.
Тамылжып маңай тұрса да,
Жабырқау неге сары қыз?

Үстемдік құрды сары күз,
Ұққайсың соны сары қыз.
Жазбенен жастық кетті де,
Сарабдал тарттық бәріміз.

Үстемдік құрды күрең күз,
Дегендей жаздан күдерді үз.
Тырналар қайтып келгенше,
Сағынып жазды жүрерміз.

Сары күз бенен сары қыз,
Жақындау неден жанымыз?
Сіз болып және біз болып,
Күтерміз жазды бәріміз,
Солай да, солай сары қыз.

Авторы: Тарас Наурызәлі

7 пікір

AKA
Жақсы!
miras
рахмет, бірақ авторы мен емес папа
Kan
Керем өлең әкеңіздің аты-жөнін жазып қойыңызшы
miras
жазып қойдым
Kan
Әкеңіздің өлеңі көппе?
Zhanat
сары күз саоы күз де еее. Ех сары күз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.