Жайлаубай Қазиев-Жаса дәру болатын бір еміңді.

Жүрсем де торығумен құр сүлдерім,
Мен үшін күрсіндіңбе, күрсінбедің.
Сені аңсаған сағыныш сезімді де,
Деймісің жанбақ түгіл күйсін мейлің.

Езілгенде сені ойлап ет жүрегім,
Безіп кеткім келеді, тентірегім.
Енді ешкім де ешқашан сөндіре алмас,
Жанымның күйіп жанған өртін менің.

Толып кетті ау мұңды шер жүрегімде,
Өзіңсіз қызық жоқтай гүл өмірде.
Болсаң да тау шыңындай тәкаппар қыз,
Сонда да үзбей жүрмін күдерімді.

Білмеймін жыларымды, күлерімді,
Кімге арнадың мен сүйген жүрегіңді.
Жаса әйтеуір жаныма шипа болар,
Маған дәру болатын бір еміңді.

2 пікір

Zhanat
әр адамның қолында бір жүректің емі бар ғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.