Күнәсіз сәби періште.

Бүгінгі адам баласы
Бақытынан баз кешті.
Исламнан ұзап арасы
Қатігездікпен бас кесті.

Құрсағын сатып ұрғашы.
Ар-ұятын ұрлатты.
Бүгінгі әлем алдамшы
Адамдықты қорлатты.

Намыссыз туған еркегің,
Дүниені жүр қуып.
Не болмақ сонда ертеңің?
Некесіз сәби мол туып.

Жеттімдер үйін сығалап
Күнәсіз сәби періште.
Жылайды келіп «мамалап»
Осы айтқаным теріс пе.

Баласынан бастарқан
Қандай адам оңбаған.
Адам түгіл хайуаннан,
Ондай сүмдық көрелман.

26 пікір

Jako
Бүгінгі күннің шындығы,қоғамның ауыр дерттерінің бірін қозғапсың, тамаша Кан мырза!Өлең сапасын ақындар айта берсін.
Kan
Жако рахмет. Тек Аллаһ жетімдерге жар болсын.
Ademi
Қоғам, қоғам дейміз… Не істеуге болады? Қалай алдын алуға болады? Бір сәт ойланыңыздаршы… әрине, тәрбие, әке-шеше, тыйым, әдеп, қоршаған орта…
Kan
Бұлмасқараны құрықтау мүмкін емес болып тұрғой Әдемі… Тек Аллаһ жетімдерге жар болсын.
Daniar_alan
жЪлатты… жъляғаным соншалық мамам мені пуортугал сериалын көріп отыр деп ойлап қалды…
Kan
Нені қайталаппын еш түсінбедім?
AKA
Қате бар, тексеру керек. Қоғамда бар көрініс бар екені анық.
khairbek
сіз кімсіз Кан мырза деген кино бармеспе
Kan
Бұныңыз сұрақ па? әлде жай теңеу ма?
khairbek
жәй тенеугой
Kan
Ол кинода бірақ Кан емес К мырза. Айтылғанда КА болып айтылады. Солай емес па шатыспасам.
khairbek
солайгой жәй үқсатырганымгой
khairbek
ал енді менің бір шумақ өленім
Тұрсанда сен биік биік үйлерде,
шықсанде сен асқар асқар тауларға
жүзсенде сен улкен улкен мұхитта
Өлім келеді өлетініңді ұмытпа,
Kan
иа өлімнен олар қорықса,өлгеннен соң ахреттің болатына сенсе ондай қателікке жол бермес еді. Әттең әттең…
banzaika1990
«Олар жылайды неліктен?!
Кім оларды кеміткен,
Түсіріп тастаған ба
Бақыт атты көліктен......» —
демекші, кімнің кінәлі, не үшін олай еткенің кім білсін?! Түбінде тағдыр әр сәбиді өз бақыт көлігіне жеткізеді деп сенгеннен басқа қолдан келер шара қайсы
Kan
Ең бастысы өзіміз осындай қателік жібермесек болғаны!
Karakulov
+ Қоғам демес бұрын өзіміз сол қоғам екенімізді ескеріп, өзімізден бастауымыз керек, орынды сөз.
Zhanat
Жетімдер үйіне әркім әр қалай барады, барлығын бірдей әкеп тастамайды
Kan
Әрине әр түрлі себеппен барадығой тек ата-анасыз жетімнің аты жетімғой
Zhanat
Жоқ олай емес, жетім деп мүсіркеп оларды жетім етеді адамдар
Jako
Адамды ойлантатын пікір екен.
Zhanat
ойнастықтың түп тамырына су қүятындар, біз, еркектер қауымы ғой
sezim_seli
иа, дұрыс айтасыз. Осыны ұға алып, көңілге тоқи алатындар көп болса ғой
Karakulov
Рубеке)) Дебат мектебін ашқыңыз келмей ме? Үлкен жетістіктерге қол жеткізетінге ұқсайсыз./қалжыңынан шыны басым айтылды/
Ademi
Бәрі — тәрбие, санаға байланысты. Былай көсемсудің орнына өз басымыздан бастайық. Мен өз басымнан, балаларымнан, құрбыларымнан бастайын, сен де солай ет, ол да, олар да.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.