Мен сені сүйемін мәңгілік

Бар болып басымда бөтен ой,
Мен сені шын сүйіп өтем ғой.
Махаббат дегенің — сағыныш,
Мәңгілік сағыныш екен ғой.

Сыр тұнған сиқырлы көзің нұр,
Не деген керемет сезім бұл?
Күйіп те кетуге болады,
Өртенем десең де өзің біл.

Жүрегің жалын боп жанып шын,
Сен қатты ғашық боп қалыпсың.
Сезімің сыр бермей тұрса да,
Соны тек сезетін жан ұқсын.

Еселеп кеткен жоқ есем де,
Өмірде осылай өсем бе?
… Кел мені құшақта!
Өз еркің
сен мені сүйемін десең де.

Сен күлсең кетеді таң күліп,
Күлкіңді жүрмін мен ән қылып.
Мен сені өтемін аялап,
Мен сені сүйемін мәңгілік!

Айбар Ермекқалиев

18 пікір

Ademi
Қош келдің, Айбар! Мында сені көрем деп ойламаппын.
Aibar_e
Сәлем, ӘДЕМІ! Мен сені танымадым ғой…
AKA
Мен де, қуанып қалдееем! :))
Kan
Бесірет «мен» деп жазыпсың. Бастауышсыныптағы оқушының шығармасы ұқсатып.

Бар болып басымда бөтен ой,
Мен сені шын сүйіп өтем ғой. -осы сөздердің нақты мағнасы бар ма?
Jako
«Басымда еш басқа, бөтен, жаман ой жоқ, мен тек сені сүйіп өтемін „-дегені шығар ақынның, негізі ұйқастың күрделірек болғаны да жақсы болар. Жақсы жазылған екен.
Aibar_e
Кан,«мен» деген сөзді бесірет емес, алты рет жазыппын. Бала-бақшаның баласы сияқты санайды екенсің ғой… Қалған сұрағыңа Жако жауап берді деп ойлаймын.
AKA
Керемет! Қош келдіңіз, Айбар, поэзия оқитын болдық, жаза түсіңіз.
Aibar_e
Рахмет, АКА! Бірақ мен сені де танымадым… )))))
Zhanat
поезия жақын жандар бірден танып жатыр ғой. Тамаша
Dan4ik
әй менде келдім…
bambad
Ән қылып жүре бер күлкімді,
Әнші боп кетерсің бір күні.
Әнші боп кетсеңде атақты
Ұмытпа күлкімді сүйкімді.

десем, еркектікке жатпас ә. Өлең оқыған сайын, өлең шығарғым келіп кетеді де. Басыма түскен алғашқы ой осы болыпты. Мені анандай деп ойлап қалмаңдар тағы
Ademi
Ұмытпаймын сенің көздеріңді,
Ұмытпаймын «сүйем» деген сөздеріңді.
Ән қылар ем, әттең-ай, қолым қысқа,
Ұмытпаймын, ұмыта алар емеспін өзіңді…
муахахахаххаха
AKA
Талант! Айсараның қаламақысын жинавалатын болдыңыз ғҰә?!
maulen
Айбар бауырым, оқығанғада жеңіл, керемет, сөзңм жоқ, әдемі!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.