Қазірше шыдап келем.

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Шыда, шыда, шыдай түс, шыда тағы!
Бұл өмір шыдамдыны ұнатады.
Үміттің құлан йек құла таңы
Әйтеуір бір атады, бір атады…
М.Мақатаев.

Мен әлі шыдап келем, шыдап келем,
Қолымда қозға айналған шырақпенен.
Тасы көп, талы кемшін сыратпенен
Сол «таңға» жетем деген мұратпенен.
Қазірше шыдап келем…

Белгісіз қандай таңба пешенемде
Білмеймін ерте өлем бе, кеш өлем бе?
Шамам келмей еншімді еселеуге
Көрпесіз күнелтем бе көшелерде?

Өмірге кеше ғана тіркелгенім,
От іздеп, сөнген шоқты түртем келіп.
Мен де сол «құлан йек құла таң» деп
Үмітім үзілмеген бір пендемін.

Неде болса әйтеуір шыдап келем,
Өмірдің аты емес пе сынақ деген?
Сыр беріп, сым тамырым сүрінермін, —
Түрегелем ...Қазірше тірі келем.
Жөні болса тағы да құлап көрем.

5 пікір

Dan4ik
әй базар жоқ шыдау керек негізі
abatai
Шыдай бер, шыдай бергін құлама еш!
Тәңірім төзім берсін ащу емес.
Адамды жаратқан соң сынақ үшін,
Міндетің шыдау десем артық емес
Kan
Көбелек астындағы өз өлеңің бе? керемет туынды екен!
ereke_enu
Менің ойымша, ағамыздың өлеңдерін өткен ғасырдың ғана жастары жақсы білетін сияқты. Осы секілді қаншама керемет өлеңдері бар. Бәрін пиарить ету керек, демотиваторы, суреттер, әлеуметтік желілер, т.б.
maulen
Көбелек, керемет! шыдай алатындар да бар, шыдай алмайтындар да бар, сондықтан, шыдай алатындар көбейсе игі!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.