Виртуал сезім...

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Сандалтып санамды, ұйқымнан бездіріп,
Суық ой кезеді суырып кездігін.
Сен мені сірә да құтқара алмассың,
Елесі арбайды сол қара көздінің.

Сыйласар агенттік табылар дос керім,
Сүйіп те қалады жоғалтып естерін.
Сен енді жабығып, жабылып қалмағын,
«ҒАШЫҚ» боп өзгерсе «МИР»-дағы төсбелгім.

Қытайдың затындай сезім де, сөз тегін.
«Жаным» деп сымбаттап әрлейді сөздерін.
Виртуаль сезімге жүрегім шыланбай,
Бейтарап көңілмен мен бөлек өскенмін.

Өшпелі күлменен лаулаған ағам-ай,
Жүргенің әр қыздың әлемін жағалай.
Жүректі күніне он есім жаулайды,
Жиілеп өзгерген жымиған авадай.

Бұл сайқал заманда шын сүю ерек сын,
Көшпенді көңілмен көсілмей не етсін.
Сүйгенім көк қорап ішінен үңілмей,
Деректі әлемде болғанға не жетсін.
18/08/2012ж

25 пікір

bambad
Керемет жазыпсың, мен деген бірақта,
Ғашық боп көргенмін отырған жырақта,
Көрмеген, білмеген бойжеткен аруға
Көздері лаулаған жанғандай шырақта!

Айттым мен бойжеткен құндызға, шыраққа:
"Өзіңді аруым көргім кеп тұратта
Кездескім келеді, жаным"-деп ойымды
Жеткіздім агентпен отырып сабақта.

Қыз деген үндемей, айтты бір уақытта:
«Шартым бар ендеше, көнсең сол, пырақта
Болу сен керексің, кездескің келсе егер,
Тезірек іздегін, уақытты жоғалтпа».

— Ақ боз ат деймісіз, ол деген сұрақ па,
Қарындас шартыңыз жалғыз ба, осы-ақ па?
Бір шоқ гүл арқалап барамын тағыда,
Келіңіз күтемін, демалыс паркта.

Тұрмын ат үстінде, алғанмын құлап та,
Қыз жоқ қой күткенім, бұл несі сынақ па?
Сол кезде таныс жан келеді алдымнан,
Бауырым екен ол, жымиып сұрады да:

— Сәлем-оу! Қалайсың? Жай жүрсің бұл бақта?
— Тұрғанмын қыз күтіп, сұлуда ақ мақта.
— Мен едім сол қызың, агентте алдаған,
Алданған өзіңсің, Бауырым, кінә артпа.
Ademi
хехе, қызық болған екен.
bambad
Қызық болғанда айтпа, сол жағдайдан кейін агентке кіруге желание қашып, бір жыл бойы кірмедім.
sezim_seli
Сатсіз сезім ғой сіздікі))
Kan
Мынаны жеке блокқа жібермейсің бе? несін қыстырдың бірудің постына
bambad
Себебі өлеңнің шығуына "Виртуал сезім..." себепкер болды
Kan
Шабытың шыңға шыға берсін!
Ademi
Өлең ұнады.
Сүйгенім көк қорап ішінен үңілмей,
Деректі әлемде болғанға не жетсін.
VVVWWW
Көшпенді көңілмен көсілмей не етсін.

Шіркін-ай, көңілді көшпенді деп елестету, әр адамның қолынан келе бермес
Kan
Сезім өлеңің керемет!өз басым көптен жаңа заманға сай осындай өлеңді күтіп жүр едім. Бірақ қарындасым маған мына бір сөзің ұнамады «сайқал заманда» деген сөзің. Тым дөрекі жазылған әрі заманды қаралау Алланы қаралау екенін ұмыт па. Адамды сөгуге болады ал Алла саған сый қылып берген заманды балағаттау дұрыс емес. осы заманда сенің анаң,әкең өмір сүретінін естен шығар ма. Егер бұл заман болмаса сенің әке шешең де болмас едіғой. Бұл жай бір мысалы
sezim_seli
Жарайды ұмытпайын. Рахмет Аға!
MSHERIMBEK
Derekti alemge auystym:) Sonysy durys eken:)
sezim_seli
Кімнің әлеміне ауыстыңыз деректі болып?))
mairosh
эхх вертуал махаббат )))))) рас рас
maulen
Жақсы-ақ өлең, көпке топырақ шашпайын, агентте отыратын көп жігіттің бет пердесі, керемет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.