Екеумізге жетеді....

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Біздер жүрген жағалау бір, беткей бір,
Жақын жүріп жатқа айналдың кетпей құр.
Мың серінің сүйген сиқыр сөздері.
Жалғыз сенің айғайыңа жетпей жүр.

Кейде опығам ит өмірге қабаған,
Кешудемін мына тағдыр қылғанды.
Миск сепкен мүміннен зор санағам,
Темекінің исі сіңген тұлғаңды.

Мендік мұңды сүрлендірмей жеті елі,
Шын ғашық боп жүре берсең не етеді?..
Қия салман құбыласыз кейпіңді,
Мендегі иман екеумізге жетеді.
26/08/2012

35 пікір

Kan
жанымау нәпсіге беріліп жазғансың ау деймін,
Миск сепкен мүміннен зор санағам,
Темекінің исі сіңген тұлғаңды." сөздерің мұсылман ағана ауыр тиди қорлағандай болдың мұсылмандықты.

Мендегі иман екеумізге жетеді." мына сөзіңнен шариғатты аз білетінің дін сауатыңның саяз екенін аңғарттың. өлең қанша жерден ұйқасы ұтымды болсада мағнасы мұсылмандықтың жағасын жыртып тұр.
sezim_seli
Білімім саяз емес. Өлеңді басқа қырынан да жазып көруден туған жыр ғой. Бұны қорлау деп қабылдамаңыздар…
MSHERIMBEK
Meninshe tamasha olen :)
Islam tarihynda mynadai oqigalar bolgan
Ali halifa bolyp turgan uakytta Bir jigit boten qyzge uryn baryp jurgen korinedi. Bir kuni ustalyp qalady. Alidin aldyna akelgen son onyn arqasyna ondyrmai dure sogyndar deidi. Birak, algi jigit Alige toqtai turuyn surap, jazadan aldyn bir olen oqyp berein dep suraidy. Ali maquldaidy.
Algi olende aieldin tanin surettep jazgan eken. Jumaqtagy hor qyzdary senin ayagynnyn tyrnagyna da tatymaidy dep:)
Ali riza bolgandygy sonshalyq, qazaqsha qaiyrganda ustine shapan jauyp, aigyr mingizip, algi qyzga uilendirip jibergen eken:)
Daniar_alan
сенің пікіріңді оқығым кемид шы… кириллицамен жазш…
ereke_enu
Қарасақал шетелде жүр немесе латынға көшу идеясымен ауырады))
Daniar_alan
шет ел болганда… Куала-лумпурдан кеп койган… қазір ары кетсе Украйна шыгар… бірақ онда Кирилл мен Мефодий әғзәмдардың һәріплері қолданыста ғой білуімше…
MSHERIMBEK
пыросты, өткенде отырған инеткафеде қазақша қәріпті қосатын құқық берілмеген екен:) кешіріп қойғайсың:)
zhomart
Ali paigambar bolyp turgan uakytta
Сәке Али (р.а) пайғамбар болған ба еді???
MSHERIMBEK
ioooooooo, keshirindershi. halifa dep jazamyn dep otyryp Muhammed paigambar esime tusip ketken boluy kerek:) Tuzep qoidym:)
MSHERIMBEK
ozim de tusinbei qalam, keide:)))
Uleke
керісінше, бізден білімдірек секілді))
Kan
Сезім қалқам өлең жазады екенмінбіз деп не болса соны жаза беруге біздің құқымыз жоқ. Мен сені түсінем бірақ мұсылмандықты еш кірлет пе ші. Мейлі ол жай бір мақсатсыз жазылса да. Онсызда мұсылмандығымыз ақталмай жатқан жоқ па. МашАлла түсінерсің
sezim_seli
Жарайды, түсіндім аға…
Jako
Жоқ, сезім адамды соқыр һәм керең ете алмаса онда оның несі сезім.Кешегі "Құшақтасып бір молада жатсам-ау"-деп зарлаған ғашықтардың бәрі де мұсылман болған, шариятта бір молада жату да жоқ, бірақ олардың көзін, ақылын, ойын ғашықтық сезімі тұмшалаған.Бұл мұсылмандықты кірлету емес, бір сәттік сезімге берілу. Өзіне өзі шектеу қойып, цензура жүргізе берсе жақсы, шынайы өлең қайдан шығады.
<code>Мың серінің сүйген сиқыр сөздері.
Жалғыз сенің айғайыңа жетпей жүр.</code>
Өзіме әсіресе осы жері ұнады.
AKA
Күшті, өте жақсы өлең, түсінгенге әрине… Жаза түс!
Ademi
қыз махаббаты… теңеуде тұрған ештеңе жоқ. Сезімін солай жеткізіп тұр
MSHERIMBEK
Миск сепкен мүміннен зор санағам,
Темекінің исі сіңген тұлғаңды.
myaaaa, jynnndy teneu eken:) turtip aldym:)
bambad
О махаббат, адастырдың адамды,
Хақ жолынан қате бастым қадамды.
Жаратушы кейін қалып адамнан,
Сезім деген улай түсті санамды.

Менде сезімге бой алдырып, Хақ жолынан адасуға сәл қалғанмын. Жүрегіңдегі махаббатты ең алдымен Жаратушыңа арнау керексің, оның жаратқанына емес. Сондықтанда, қанша сезімге бой алдырсаңда Жаратушыңнан теріс айналма. Jako мырза,
Бұл мұсылмандықты кірлету емес, бір сәттік сезімге берілу.
дейсіз. Сол бір сәтке сезімге берілудің арқасында қаншама жетімдер дүниеге келген жоқ па? Жалған өмірде қателеспейік. А иә, мына өлең сіздікіндей болмаса да (сапасы) sezim_seli , бұл өлең Хақ жолынан қате кеткендерге арналады.
Korkem
Мендегі иман екеумізге жетеді.
sezim_seli
Көп рахмет пікірлеріңізге!!!
AKA
Мына өлеңге прям сынывотрм, сондай керемет ше, ризамеееееееееен!!! Сөз жоқ енД, супер!
sezim_seli
Нәәән рахмеет))
bazaraigul
күшті! Миск деген не а?
sezim_seli
Мұсылмандардың әтірі
Daniar_alan
Миск сепкен мүміннен зор санағам,
Темекінің исі сіңген тұлғаңды.
хахахааа
Мендегі иман екеумізге жетеді.
жігіт имансыз, арсыз болды ғо шамасы…
qyrmyzy
Қош келдің. Мынадай әдемі өлеңдеріңді жиі жазып тұр.
sezim_seli
Рахмет, Қырмызы!!!
MSHERIMBEK
муахахахха:) Дәл осы кезде жүрегі жарты мұңлы жандар келіп Рубен Хазретлерін иықтап демей бастады:)
mairosh
Тууу жақсы өлен оқымағалы көп болды
Миск сепкен мүміннен зор санағам,
Темекінің исі сіңген тұлғаңды.
мдаа мына шумақты жаттап алу керек екен)))
Ademi
Рас айтасыз. «Шаниндегі» "Үйлену" қойылымына барып көрдіңіз бе?
maulen
Сезім, өленіңіз керемет!!!
Daniar_alan
мынаны 10 күн іздеп әрең таптым
Сатыбалды мен Нұрберген мақым арасындағы әңгіме:
— Бір жас пәлсапашы әрі ақынсымақ «адасқан кезіккенде жол тапқанмен...» деген өлең шығарыпТ. «Адасқан жол тапқанмен кезіксе, оның да жол тапқаны емес пе? Логика қайда?» деп едім, ол мені — стандартты ойлаудың құрбаны, қаратабан пролетар©, реалистік әдебиет әбден меңдеген мәңгүрт деп айыптады. Сұрағым да сол: қаззақ ақындары оригинал көріну үшін қашанғы сюрреалистік сюжеттерге жүгіне бермек? Неге поэзияда күн шығыстан шығып, батысқа батудан қалды?
— Мұны енді, тренд десе де, болатын шығар, амиго. Әлгі, «Абылайдың ақторсығымен, Махамбеттің мұңын ішсем деп едім» деген өлеңдерінің астына, а-ля «бар қазззақтың мұңы менде» стиліндегі суреттерін беретін кездер секілді. Басқа ештеңе де емес. Ертең-ақ, бүгін алдыңғы лек – кешегі жас ақын – Маралтайларға еліктеп жүргендер, сенбінің кешінде оқитын өлеңдердің «не в моде» екенін түсінеді деп ойлаймын. Ертең-ақ, алдыңғы күнгі ақындар – Мағжандардың динамикасы шымыр символизміне қайтып оралатын шығармыз. Уақытша дүниелер деп ойлаймын, мұны да.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.