Ажал айтып келмейді...

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
… Ажал айтып келмейді бассаң аяқ астында,
Қарамайды ол, кәрісің бе, жассың ба!..
Талғамайтын тағы да тоқсың ба әлде ашсың ба
Жем болармыз бір күні тойымсыз аш қасқырға!..

Ажал алып тынбайды, әр қадамың санаулы,
Ертелі кеш түбі ақыр беретін сол бағаңды!..
Мына жалған тірліктен білмей тойым тобаңды,
Айыра алмай кетерміз жақсы мен жаманды!..

Ажал алмай қоймайды, әр адымың бағулы,
Құлыпқа сап қойсаң да құтқармайды ол жаныңды!..
Өзектіге түбі бір өлім барын тануы
Әр пенденің сондықтан қарызы һәм парызы!..

2 пікір

Kan
«Ажал алып тынбайды, әр қадамың санаулы,» дегендегі «алып» емес «алмай» деген мағгнасына дөп келеді. Алла разы болсын!
Jolai
Біз барда өлім жоқ,
Өлім барда біз жоқпыз!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.