Аяулым.....

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Үмітім мұзға тайып жығылды,
Сағыныш шарапқа таппай тығынды.
Кеудеге біткен әуезді сандық,
Шертіп жүр қазір шерлі бір унді.

Суюден калды жетім коян кек,
Он үш сан енді терілмей кояр тек.
Уялыма да келмейді хатын,
«Кайырлы тан, Асылым оян» деп.

Атыңды әрлеп Аяулым деп ем,
Сен едің көптен Асылды терген.
Қорықпа жігіт еншісі болмас,
Өзіме тартқан қызыма берем.

Жаншиды кейде жасық мун келіп,
Сендік сезімнен менікі керік.
Құшағыңдағы қысқа шаш ару,
Аталып жүр ме екен «Асылым» деліп.

P/S: «АСЫЛ» ғып беріп ең айдан тұғырды,
«ҚИЯЛ» боп көрем алдағы күнді.
Қайтқан құстардың қанаттарына,
Байлап ұшырғам «АЯУЛЫМЫМДЫ».
28/06/2012

20 пікір

VVVWWW
Жоқ, бұл өлең ғой
Сағыныш шарапқа таппай тығынды
не айтқысы келгенін түнімен ойлап таңғы бесте ғана түсіндім
sezim_seli
Сонымен не түсіндіңіз?)))
VVVWWW
Таңғы беске дейін ұйықтамай ойланып… отырғанымды елестетсеңіз, егер (бұған сынған жоқпын қирадым)
Сосын сіздің өлеңдеріңіз жайлы пост жазсам қарсы болмайсыз ба типа мынау сияқты
aitaber.kz/blog/poem/1247.html
sezim_seli
жоқ, қайта қуана келісер едім
Ademi
Атыңды әрлеп Аяулым деп ем,
Сен едің көптен Асылды терген.
әдемі жұп екенсіңдер. Жалпы, ондайларды бірең-сараң көреді екем. Қысқа шаштыға бердің бе? О, ноу, ондайды жазбасын, бергім келмейді ұзын шаштыға да!
Kan
«Суюден калды жетім коян кек,»
қоянның жетімі болады ма, немесе қоянда кек болады ма? мағнасын түсінгім келеді Әлде бұл "қ" «к» ма сонда коян ба ал ол не не деген сөз.
sezim_seli
Жетім — жалғыздық, қоян — жасқанған деген сөздердің астары
Daniar_alan
… мұны естіп, көрінде жатқан Гэнри Говард мырс етіп күліп жіберіп, Жұмабаев ұрпағының соншалықты дарынсыздығына басын шайқап, қатты күрсінді… ©
sezim_seli
Сіз сонда өлілердің ортасындасз ба
Daniar_alan
Айд келді бір күні: «Уа, ғақлия мүмін, иманыңды үйір қазір алып кетем»,-дид епті… «Не үшін… не жазығым бар??»… абдырап қалдым өзім, көз алдыма баяғыда ляқтырып кеткен 18-жасар мөлдіркөз қыздың қарғысы, светофордан өткізіп жатып, жарты жолда прикол үшін қалдырып кеткен кемпір, артынан бір теуіп, қалтасындағының бәрін сыпырып алған щигол, уопшым күнәларымның бәрі келе берді жіпке тізілгендей… Сөйтсем, Айд еліне «ШымкентГлобусТурСапар» АҚЖ ОАО-ден 1-күндік сапар ұтывалыппын… еее, шырақ, оны да көрдік… не көрмеген бас мынау… тіпті кинодағы соғысты да көрдік қой… қой құрсын, қайдағыны еске түсіріп сен де…
qyrmyzy
Аид патшалығынан деңіз:)
Daniar_alan
жооооқ… ол жерде қырғыздар көбейіп кетіп бір төңкеріс жасап, қазір саяси жағдай өзгергееееееннн…
qyrmyzy
Сириялықтар да жетіп артылатын шығар?
Daniar_alan
9-қыркүйек күні 33 адам осы елден мәңгілік тұрақ тапты деп хабарлайды АйдНюс
qyrmyzy
оппозиция қашан берілмекші екен, сонымен? АИДҚА түскендерден сұрастырып көріңізші. Балаларға обал болды. Бір жарым жыл соғыс көріватыр
Daniar_alan
Тастау керек, құрысын
нені? :)
VVVWWW
Поэзияны түіснбесеңіздер, өлең оқып нелеріңіз бар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.