Агенттегі қызға

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Жат жақта жүрген соң жырақта,
Қоғамдық желіге қосылдым.
Өмірде білмеймін,
Бірақ та,
Агентте мен сенің досыңмын!

Мен қалай күн кешем күлкіңсіз?
Сен маған сыйлаған аз ба мұң?
Агентте отырсың үн-түнсіз,
Бірінші боп және жазбадың.

«Сәлем» деп бастар деп күтіп ем,
Сағындым сәттерді баяғы.
«… Сенсіз де күндерді бітірем,
Бөтен қыз құшағын жаяды».

Дәл солай дедім де тек іштен,
Блогтан бір өлең арнадым.
Іске аспай жоспарым келіскен,
Алыстап кеттің-ау, арманым.

«Сәлем» деп өзім сөз бастадым,
«Жағдайың жақсы ма, қалайсың?»
Өзіңсіз бұлт басып аспаным,
Алдымда күтіп тұр талай сын.

Есепсіз кетіпті есем де,
Бұрыннан бөлектеу қалпың шын.
«Кеш жарық! Жақсымын!» десең де,
Сен маған сеземін салқынсың.

Үн-түнсіз қаламыз енді біз,
Сөз бітті себебі осымен,
Өмірде білмеймін, белгісіз
Агентте ең жақсы досым ең.

Мен солай мұңға да батып ем,
Қайтемін тек бақыт тілеп құр?
Статус өзгенің атымен,
Өзгені сүйем деп жүрек тұр.

Сен үшін айналып әдетке,
Сол жібін үздің-ау үміттің.
Тып-тыныш отырмай,
Агентке.
Мен бүгін бекер-ақ кіріппін.

Айбар Ермекқалиев

10 пікір

sezim_seli
Махаббатқа тағы бір түр қосылды. Виртуалды махаббат деген
mairosh
керемет))) Агент махаббаты әркімнің де басынан өтетін сияқты))
qyrmyzy
Қош келдің, Айбар! Әдемі өлең! Жаза түс!
Jolai
Сен үшін айналып әдетке,
Сол жібін үздің-ау үміттің.
Тып-тыныш отырмай,
Агентке.
Мен бүгін бекер-ақ кіріппін.

Тамаша!
Daniar_alan
ооо міне өлеңге ұқсайд…

анаубір «Миск сепкен мүміннен зор санағам,
Темекінің исі сіңген тұлғаңды.» дегеннен қайдаааа тамаша шыққан. пүлістедім уобшым…
Daniar_alan
уа, Айтаберллік мұғжиза мүмін, ізгі һәм ғақлия жан Рубен мырза!
Сіздің пікіріңізді аса ынтамен оқып шықтым. Сіздің «Айтаберге» сіңірген еңбегіңіз көп һәм осы жердің ауторитеттігіңізді есепке ала отырып Сізге жәй, аз ғана «дегеніңнен» деп емес,
дегеннен
деген сөзді айтқанымды ескертіп өткім келеді. Ауторды шатастырмадым. Әлгі Алматылық арудан гөрі сіздің өлеңіңіз сәл-пәл (осы сөзге баса назар аударыңыз) сапалылау шықты дегенді айтқым келген. Болашақта мұндай түсініспеушіліктер орын алмайды деген үмітпен және Сізге деген құрметпен:

Данияр-Алан. Ламаның (Шәріп емес епті) туылғанына 1483 жылдың Мизам айының 12-ші жұлдызы. 15.21 сағат.
Kan
Жаңа заманға сай өлең!
Aibar_e
пікірлерің үшін үлкен рахмет!
AyKoN
vetrualdi maxabbat degen bireulerge ermek oyin bolar,al bireulerge omirinin belgili bir kezeninde owpes iz kaldirgan asil ardakti izgi sezim bolip kaladi. Ademi wikkan olen,jaraysiz Aybar!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.