Жүрегім сабыр етші...

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Ұнатып жүріп, сүйіп қалдым ба?
Үндемей қалдың тұйықталдыңда.
Мендегі сезім сарғайған күздей,
Әлі сөнбеген күйік бар мұнда.

Сезбейді деп, ем сезіп қалдың ба?
Кері шегіндім кезіп бардымда,
Аттанып кеттің бақшаға басқа,
Сүймейтініңді, тез ұқтырдыңда.

Амал жоқ басқа бақыт тілеуден,
Көтере алмай уақытты кеудем.
Арманым асқақ аласұрғанмен,
Іздеймін сені басқа біреуден.

31 пікір

maulen
пікіріне рахмет, ал nikname-ні калай түсінем нені өрт демекшсін?
MSHERIMBEK
nickname degeni logindi aitam myqty eken dep:)
maulen
тусиникти, рахмет!
dimash
Бұл да жауапсыз «мачаббат» болды ғо онда
maulen
ия жауапсыз, жауапсыз болганыда дурыс шыгар…
qyrmyzy
Ақынды жоғалтпасын деп 87018526506 нөмірлі жігітті өмір бойы жауапсыз махаббаттың құрбанына айналдырмақшысыз ба?
maulen
ия, жогалмасындеп тилейік, Рубен, менін есімім Маулен!!!
qyrmyzy
Мәулен, қош келдіңіз! Қазақша жазуға тырыссаңыз. Сосын, пікірдің қасында жауап беру деген түйме бар. Егер бір қолданушыға бағытталған пікіріңіз болса, сол қолданушы жазған пікірдегі жауап беру деген түймешені басыңыз. Әйтпесе кімге пікір жазып жатқаныңыз түсініксіз болады
maulen
Ия, рахмет, Қырмызы, қош көрдік, берген ақпаратыңызға рахмет!
maulen
Кырмызы, осы номерлі жігіт жаупты махаббат сыйлар деген уміті бар шыгар! сондықтан өлеңін солай қорытындылаған ғой!
Kan
Мына өлеңіңде ақындық пен поезияға жақындық бар екен. Тек өлең жазудан қайтпа талаптана бер. Шабытпен жазылған өлең осындай болмақ. Жарайсың!
maulen
Рахмет, Кан мырза!!!
pana
өлеңіңіз әдемі болғасын шылау мен жатыс септігінің жалғауы жайлы дәріс айтылмапты)) ұнады!
Albina97
өте керемет өлең екен ұнап қалды
maulen
Рахмет, Альбина!!!
Delfina
Махаббат деген енді түсінікті жағдай ғой))
maulen
Мүмкін солай, бірақ кейбіреулерге түсініксіз жағдай!
Delfina
Сүйе біліңіз, сіз де сүйікті боласыз. Есіңізде болсын, сіз өзіңіз сүйген және сізді сүйетін адамды еш уақытта жоғалтпайсыз. Егер айырыла қалсаңыз онда ол да, сіз де шын сүймегендеріңіз. Бұл жай ғана сезім әсері болған.
mairosh
Delfina
Қыздар -ау, жылау жоғынан))Әлемде тұрақсыз пенделердің көп екенін естеріңізден шығармаңыздар, олар көз жастарыңызға да тұрмайды.
maulen
Қыздардың көз жасы қиын екенін білемін, көз жасқа турмаса неге жылайды? және қайғыдан және қуаныштан жылайтындарын барында еснен шығармаңыз!
maulen
Ия, сізбен келісемін!
gulmyra
Сенин бул оленинди алгаш сенин оз дауысынмен естиген едим, журекпен жазганын журегиме жетти, катты тебирендим… Маулен, сен керемет акынсын, мактауга абден лайыксын!
maulen
Әйтеуір «мақтаған қыз...» дың кебін кимесем жарар еді! Рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.