Арманда, арманда ,ия, сен бейбақ!

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Армансыз бәрі, армансыз күндер зулайлы,
Санамды менің себепсіз сезім улайды.
Өзіме-өзім қарсы кеп күндіз, түнде де,
Әйнегін жырдың ыстық леп келіп булайды.

Бірақ та, бірақ армансыз нелер кетпеген?
Көңілде күнде үміттің гүлі көктеген.
Көктемей жатып солыпта қалған сол үміт,
Дегенмен келем барлығын көріп көппенен.

Өткінші бәрі, өтеді ізін қалдырып,
Лаулаған оттай, жаныңның жырын жандырып.
Артыңда бірақ, өзің туралы сөз қалар,
Жырлайды біреу өлеңге қосып ән қылып.

Армансыз құстың қанаты талып ұшпаған,
Үмітін шыңдап, өткірлеп жүзін ұштаған.
Ұшталған үміт ұшқызар сол бір бейбақты,
Жол сілтеп өмір, барар жеріңді нұсқаған.

Белгілі болар, белгісіз болар кейбір жақ,
Өшпейді арман, өшпестей қалған ол бір дақ.
Арманың алға сүйреген кезде көрерсің,
Арманда, ия, арманда, ия, сен бейбақ!

9 пікір

maulen
Өтініш, оқырман қауым, пікір қалдыруларыңызды сұраймын!
Kan
Жақсы өлең екен! Тек мағнасын тым тереңге тығып тастапсың. Бір оқыған адам өлеңнің негізгі мазмұнын ұға бермейді. Сондықтанда өленді бұданда керемет бір оқығанда адамды баурап алатындай етіп шығар. Ақындық талабың бар екен. Енді соны талантқа жеткіз
maulen
Жақсы, рахмет, есте ұстауға тырысамын!!! Денегмен, өлеңді тереңнен ұғынатындарға арналған болар, өйткені көп адам өлеңді түсініп оқымайдығой, негізгісі ұйқасқа мән береді, ал мағынаға көп мән берілмеуі, өлеңнің қалай аяқталуы сынды.
Kan
жарайсың! тек қана алға!
ereke_enu
Ұнады. Әсіресе соңғы шумақтар. Тек қана алға!!!
maulen
Рахмет, Ерке, үлкен! Сіздер сияқты оқырмандар бар кезде неге жазбасқа?!
gulmyra
базар жок, арманын орындылсын!
Jako
Өлең маған ұнады, менің жасымдағы адамдар тез қабылдап, тез әсерленетін өлең екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.