Бақыт ол не,бұл ғаламда орнағанба?

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Жыр толғайды жүрегім, жыр толғайды,
Толғайды, дегенменен сыңсымайды.
''Бақыт'' сезім мағынасын табу үшін,
Ақынсымақ бір пенде ұй(ы)қтамайды.

Болса егер жаныңла асыл анаң,
Болса әкең, саған ылғи қамқор болған.
Бұдан асқан бақыт бар ма, бұл жалғанда?-
Ең негізгі бақытың, ол-ата-анаң.

Болса егер жаныңда жекжат-туыс,
Болады күнде той, күнде ұлыс.
Сен оларға керек емес, олар саған,
Аулақ болма, ағайынды туыстардан.

Сен менің қазынамсың алтыным,
Бұл өмірде құдай қосқан бақытым.
Суйем, суйем суйіп өтем өмір бақи,
Қош айтыссақ, О тәңірім, жанымды қи.

Күтесің, бақытыңды өзге жаннан,
Адамзатты адастырар, бұлыңғыр арман.
Бақыт құсы қонады тек дараға
Ол дараның өмірі, барлықтарға.

Бақыт деген-шар емес ол ұшып тынар,
Бақыт деген-алып ұшқын, басқа қонар,
Бақыт деген-зат емес ол қолға кетер,
Адамзаттың қиялын самғап өтер.

5 пікір

Kan
керемет, тартымды өлеңдеп айталмаймын. Мағнасы жақсы болғанымен оны өлеңмен жеткізе алмағансың. Өлеңнің ұйқастары тым ауыр адамды жалықтыып жібереді. жақсы өлең жазғың келсе мағнасымен ұйқасын бір арнадан шығара білген жөн.
maulen
ия өлең жақсы, Кан ағамның пікіріне қосыламын!
tolkini
өлеңнің мән-мағынасы жақсы, бірақ буын сандарына мән берсеңіз өлеңіңіз керемет болар еді
abylaikhan_orda
алдағы уақытта ойдағыдай етіп жазамын
Jako
Толғайды, дегенменен сыңсымайды.

Осындай жолдар баршылық екен, не мағана ашатынын түсінбедім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.