Керім-ай

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Сенің сұлу жанарыңа байланған
Дөңгеленген құпиялы бар ғалам.
Саған біткен сұлулыққа көз салып,
Еріксізден сезім құшып таң қалам.

Сұлулығың шеберлікпен жаралған.
Ай мен күннің сәулесінен нәр алған.
Өне бойың, балқытатын жанымды
Бар гүлдердің жұпарынан құралған.

Сенің көзің мөлдіреген ерекше…
Көздеріңе қарауменен күн өтсе.
Қалайғана ғашық болып сүймейсің.
Сезімдерім жүрегіме гүл ексе.

Жанарыңда тұрғандай бір таң күліп.
Құлағымда назды үнің жаңғырып.
Саз үніндей, күн күлкіңді шіркін-ай…
Жазар ма еді таспаларға ән қылып.

Сұлулығың керім-айдай керемет.
Керім сұлу, өмірімді жарық ет
Сені сүйген жүрегімнің түбіне.
Тым болмаса, қолтаңбаңды жазып кет

Жастар қандай пікір айтар екен.

13 пікір

AKA
Жақсы!
Kan
АКА нағып сізге үнады. Сіз бір мін табады ғой деп ойлап едім…
AKA
Біріншіден, мен "ұнады" деп жазғаным жоқ. Екіншіден, әр сөзге жөнсіз килігіп, тереңіне бармай поэзия сыншысы болатын мен емес. Үшіншіден, қандай пікір жазсам да өз еркімде. Пікір жазғанымды қаламасаңыз, сіздің жазбаларды айналып өтем.
Kan
Жокаааа, сіздің пікіріңіз мен ұшін маңыңызды. Қайта сіздің өткір пікірлеріңіз шабытымды жанай түседі. Мені қате түсініп қалдыңыз. Қайта сізбен дос босам деймін.
tolkini
өте жақсы жазылған.нағыз ғашық болғансызау сірә
Kan
иа, ғашық болу бақыт қой
pana
мен сізді тек асанқайғылата бере ма десем))
Kan
өмірдің тәтті сәттеріде боладығой. Күлетін смайлктерді қалай салатын еді жиберейін
Zhanat
біз жақта керім деген сөзді көп қолданбаймыз, керім деген сөз қандай сөздердің синонимі?
Kan
Керім деген- әдемі, сұлу, тартымды, келбетті сияқты мақтаулы сөздердің бір түтас атауы. Ал оған «ай» сөзін қосу (Керім-ай)қазақтың Еркем-ай дегеніне ұқсас жалғауларығой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.