Бақыт

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Бақыт деген-бір елес, сәт қас-қағым,
Самал желдей есетін ол бір сағым.
Өмірдегі ұмытылмас бақытым-
Басымнан менің өткен бала шағым.
Бақыттың өз құсы бар көрінбейтін,
Өзі қалаған адамды тек іздейтін.
«Қондырам»,-деп бақ құсын алақанға,
Талай адам өтті ғой армандауда.
Бақыт құсы қонама әр маңдайға?
Қылығыңа қарап-ақ ол таңдай ма?
Жақсы-жаман, надан-адал, мейлің арам,
Талғамайды ешкімді бақ ешқашан.
Мейлі болсын дүниең, байлық тағы,
Бақсыз өмір-айсыз түндей тас қараңғы.
Талай жан бақыт үшін белді буған
Белін буып, көктерге қолын созған.
Бақыт құсы қонса да алақанға,
Оңай емес мәңгі ұстауға әр адамға.
Сондықтан бағалай біл қолда барын,
Рақым қылып жаратқан бір Аллаға.
Бақытты боп өтуде арман бар ма?
Талпын, күрес бақыт үшін әрқашанда,
Қарсы тұрып қиынға бақыт ізде
Жатқан болар ол да бір көкжиекте.
Күн оянып, таң атар арайланып,
Жерді шолып өтеді Күн айналып.
Көз қырыңды салып қара көкжиекке,
Бақыт құсың көріне ме сол бір шетте?
Жазып қалмай, ешқашан үміт үзбе.
Күрес, достым, бағың үшін сен әрдайым,
Қарсы тұрып, ойламай қайғы-уайым.
Әлсіреп қанат талса да,
-Тоқтама, достым, тоқтама!
Бақытқа жетелейді талай арман,
Орындалар кейбірі кейі жалған.
Мына жалған бескүндік бір фәниде,
Бақытты боп өтудің өзі арман!

9 пікір

voli
Өз ойларыңды жазуларыңызды сұраймын
tolkini
өлеңнің мағынасы да ұйқасы да жақсы сияқты "Қарсы тұрып қиынға бақыт ізде
Жатқан болар ол да бір көкжиекте" осы жол маған қатты ұнады.Әрдайым жақсы жазбалар күтемін рахмет
voli
Рахмет пікіріңізге
Delfina
Бақыт – ылғи іздеп жүргеніміз, егер таба қалған жағдайда ары қарай қадам баспаймыз. Сәбилер сияқты қарапайым заттардан қанағат, ләззат алайық. Бірақта біз керісінше өз өмірімізді күрделендіріп, онан қалса жүйке күшіміздің жұлым-жұлымын шығарып тоздырамыз, басқа қонған бақытымызды ұстай алмай ұшырамыз.
Бақыт – қолайсыз жағдайлармен күресе алатын, күрес кезінде сәттілік сезімін жоғалтпайтын адамдардың үйлерінде болады.
Jako
100 пайыз келісемін, Дельфи!
Kan
Керемет мағнасы сөз жоқ. Ұйқастары менің тағыда ұрып тұр ренжімеші.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.