Мәңгілік өмір ешкімге жазылмаған...

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Алқызыл, сарғыш тартты тағы көкті,
Шалғайдан жаздың жылы желі соқты.
Қанталап бара жатыр алтын күнде
Жазықтарға шашып ол жалын шоқты.
Көздерін әрең жауып барады Күн,
Ілгісі келмейді оның еш кірпігін.
Жан серігі Айменен, міне, бүгін
Қара шапанын тағы да іліп алып,
Келе жатыр қайтадан қария түн.
Қара-ағы өмірдің-күн менен түн.
Ертең жоқпыз, бірақ та бармыз бүгін.
Өте шығар зырылдап бұл қу өмір
Өлеріңде…
Көз алдыңнан бір зулап барлық күнің.
Біреуге түн, біреуге атар таңы,
(Аспандағы әр жұлдыз адам жаны.)
Бірақта…
Бәрінің ғұмырының батар күні,
Мәңгілікке келіп-ақ қара түні.
Бұл алдамшы фәни де еш бітпейді,
Өмір-керуен ешкімді де күтпейді.
Біреулер келіп жатса бұ дүниеге
Басқа жерде біреулерді жерлейді.
Ауқатты, бай, мейлің кедей,
Бәріміз бұл жалғанда тек пенде.
Сен бұған, мейлі сенбе, өзің білгей
Мәңгі ғұмыр кешкен адам жоқ бұл дүниеде.
Мәңгілік өмір ешкімге жазылмаған,
Бұл ғаламат ешкімге бағынбаған.
Өте шығар қас-қағымда ол дағы
Жастығыңдай зымырап жалындаған…

13 пікір

tolkini
өлеңіңіздің мәні тереңде екен…
pana
ана өмірді ойлаймын деп өмір сүруге қолы тимей жүрген жан емес шығарсыз?
voli
Жоға ондай емеспін.
VVVWWW
Мұны Мұқағалидан асып айтқан ақын жоқ:
… Сап сары жапырақтар
Саудырап түсіп жатыр атырапқа,
Біреудің жанарында,
Біреудің табанында…
(қысқасы маған өлең ұнаған жоқ)
khairbek
Тұрсанда сен биік биік үйлерде
шықсанда сен асқар асқар тауларға
жүзсенде сен улкен үлкен мұхитта
өлім келеді өлетініңді ұмытпа
Delfina
қосымша:
Өмір, дүние, жер мен көк, өткен заман,
Ажал алмай қоймайды ешкімді аман.
Өлмей, өшпей, қартаймай жүргің келсе,
Ол болмай ма тағдырды жамандаған?
voli
Ол путевканы ка жерде ұтып алуға боды екен?:)))))
zilola
осы өмірді айтып тауыса алмай жүрсек, жұрттар мәңгі өмірге көшіп кетіпті )))
Адамдар ай, адамдар ©
Zhanat
өлім жайлы ойлағым келмейді
Jako
voli, оқу тегін болғасын оқып шықтым, талабың құптарлықтай-ақ, ал енді талантқа айналу үшін 100 пүт тұз жеу керек шығар кемі.
maulen
Мағынасы расмен терең, ана өмірде жақсы өмір сүргің келсе, мына өмірде амалын жасағайсың!
voli
Толығымен келісемін!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.