Қара түн

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Далам жатыр түн көрпесін жамылып,
Көк күмбезде жұлдыздарым шашылып.
Сырымды айтар сырласыма айналған,
Ай ғана тұр мойыныма асылып.

Шабытымның қазанында жыр тасып,
Көңіл жүйрік, кетті, шіркін қырды асып.
Жүрек кетті, ой да кетті, бәрі де,
Жалғыз қалдым қара түнмен сырласып.

Айтшы түнім, неге ойды қащырдың,
Куәсісің талайлардың, жан сырдың.
Кей ғашықты тербетіп бесігіңде,
Кей сатқынның ісін неге жасырдың?

Көңілімде бір Ой түнеп қалатын,
Жүрегімде бүршік болып жаратын.
Сүйіктімнің құшағына жету ғой,
Қалауымды қабыл етші Қара Түн.

Сүйіктіме сәлем айтсам жете ме,
Жүрегімдің шаншып берсем жебеңе.
Құрық салар қорқаулардан қорғай тұршы,
Менен гөрі сен жақынсың етене.

Арманым бар өзгелерден дара тым,
Ұшар едім, жоқ қой әттең, қанатым,
Тым құрыса түсіне бір енейін,
Құшағыңа алшы мені Қара Түн.

7 пікір

Kan
Керемет өлең! өзің жаздың ба?
ARDANA
ия қара түнмен сырласып отырғанда шыққан өлең ғой
Kan
Сырласа бер қара түнмен ақындығың тек қара түннің қаранғысына сініп кетпесін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.