Достық

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Бөлінбес бір бөлшегі өмірімнің,
Келтірдің асыл сәнін көңілімнің.
Табылсаңдар сендер әрдайым жанымнан
Орындалар арманым барлық менің.
Бөлісетін қызығы мен шыжығын,
Дос дегенің-жаныңның бір бөлігі.
Өмір деген-ұлы жолда демейтін
Адал достың жүректері бір үнді.
Досың барда қашанда бақыттысың,
Адал дос ғана ұғар жаныңды шын.
Қиналғанда мұңыңды шағып оған,
Жан сырынның ашасын жақұттысын.
Не жетеді, шіркін, адал достарға,
Қуансаң да, мұңайсаң да қасыңда.
Егер достар болмаса еш жаныңда
Болғандай, сірә, тұзсыз жеген асың да.
Дос дегенің-сарқылмас бақ-дәулет пе?
Әлде сені салып кете ме бос әуреге?
Ең бастысы-адал дос таңдай білсең,
Қалмассың ешқашанда бос әуреге.
Ей, халайық, достықты бағалай біл,
Арам достан әрдайым жағалай жүр.
Адал досты қашанда табу қиын,
Сондықтан дос қадірін бағалай біл.
Достықтың тізгінін мықтап ұста,
Көмегі тиеді оның қиын тұста.
Мәңгілікке достықты сақтап өтсең
Қалмассың жалғызсырап бір бұрышта.

5 пікір

Kan
Мағнасыны жақсы жеткізгенсің. Тек ұйқасы мен көркемділік жағы нашарлау. Шабытпен жазғаның дұрыс. Өлеңде сен ұйқастарды құрамауың керек, ұйқастар өлеңді құрауы тиіс.
voli
Рахмет пікіріңіз бен кеңесіңізге
maulen
Валихан, достың қадірін жақсы жеткізіпсің, жарайсын!!! Бірақ мен өлеңіні түсінбедім, қандай ұйқаста жазылған, егіз бе, алде шұбыртпалы ма?
voli
Шұбыртпалы ұйқас
maulen
мхм, енді түсінікті!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.