ГРЭС-тің қызына

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Тартымды тым әсем таулары,
Алматы әдемі десек те.
Мен үшін ең ыстық ауданы,
Сен тұрған ГРЭС деп есепте.

Жаныңды жылытар жалын бар,
Сүйкімді сезімдер бар тағы.
Жүректі жаулаған «дарындар»
Тартылыс күшіндей тартады.

Сыр тұнған сұлуым сен едің,
Белгісіз өшем бе, өсем бе?
Соңыңнан мен еріп келемін,
Сен маған «келмеші» десең де.

… Сұлу қыз бермейді келісім,
«Көп жүрмей тезірек кет» — дейді.
Өзгені білмеймін,
Мен үшін
Бұл жерге ештеңе жетпейді.

Жат болған жандармыз неге біз?
Ал алда күтіп тұр неше сын?
Айлы түн аралап келеміз,
Екеуміз ГРЭС-тің көшесін.

Әңгіме жетпейді айтқанмен,
Шығарып салғаным тұр есте.
Мен қимай, қиналып қайтқанмен,
Жүрегім қап қойды ГРЭС-те.

15 пікір

Kan
Керемет!
Aibar_e
рахмет!
AyKoN
Тартымды тым әсем таулары,
Шым кала әдемі десек те.
Мен үшін ең ыстық ауданы,
Сен тұрған 7сай деп есепте.

men opsilay jirlagan bolar edim)))
qyrmyzy
AyKoN
7say ma? 7su kalasi ma? 7 singen kazaxtin sanasina. Jahanda jer jetpeydi 7suga Ul jetpeydi 7say balasina...(ps:men 7saylik emespin)
AyKoN
arine! Tek ozinin tugan jerin maktap jatir dep oilap kalmasin degenim goi…
Daniar_alan
уа, мүмін, қазақылық қайда? ГРЭС-ің не айналайын ау?? ГРЭС қазақ тілінде МАЭС болады ғой…
qyrmyzy

Алматыда ГРЭС деген жер бар. Қала сыртындағы ауыл
Daniar_alan
уо соны айтып жатырм ғо… тіпті сендер қазақша жазбасаңдар… Кереку деген сияқты… кім қазақша жазад? тем более Амантай аталарың жандарыңда… Сталин жетіспид сендерге…
qyrmyzy
МАЭС-тің қызына десе, ешкім түсінбейтін еді… Ол ол ма, сол жақтағы көшелердің аты біртүрлі екен… Садовая деген сияқты… Көтерсек, үлкен мәселе болайын деп тұр ғҮә!
sezim_seli
Өлең арнамаған қыз бар ма?))) десен))
maulen
"Қызды қырық рет дір еткізу керек" сонда балкім қарайды, достым!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.