Одан да алып қаш..)

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Бәрі де басталды сол кештен,
Мен онда белсенді ем мектепте оқитын.
Сәттер де қаншама аман тұр, қош дескен
Бес жыл да өтіпті-ау бес ғасыр татитын.

Шалқыма сезімнің серпе ашып түндігін,
Ай да бар әсемін киініп алғандай
Керемет секілді, қарашы, түн бүгін
Қиылып айтып ең қолқаны салғандай.

Сөзіңді ұқсам да ысырмай (масканы),
Қалауым болса да құрығын шешпедім.
Сен бәлкім сүйер деп жорырсың басқаны
Мен сонда түсімнің жалғасын кешкемін.

Сол күні бір ерек сый қылдың
Сезімді тұмшалап, үндеспей, тырысып, бұққам.
Шарасыз кейіппен айтып ең – «Күйдірдің!,
Бойың да өспеген осы бір қырсықтықтан».

Сөзіңнің ауырлап салмағын,
Жанарым жасаурап томсарып қалғамын.
Шілденің шыбыны қанатын күйдіріп,
Мен болсам ыстықта дірілдеп жаурадым.

Ренжісем әдетім үндемей қалатын,
Үнсіздік әуені тербейді біздерді.
Ауада әндетіп ойнайды сағатың,
Ал менің кеудеме дауыл сап күз келді.

Қатайып мен тұрмын көңілдің қарын қырып,
Көздерім нүктені дәлдейді сағым қуып.
Қанша уақыт сілейіп тұрды екем,
Кетіп ем сөзіңе қайрылмай жалындырып.

Мен солай шілдеде күз болғам,
Қыс болып, мұздаушы ем кей сәтте.
Бәлкім, содан сезім де мұз болған,
Бықсыған бос жалынмен өппе текке.

Айтасың мұңданып дерттімін аруым,
Кете алмайм өзіңмен ауырып қалғанмын.
Ем болмай қарашы еміге қалуын
Не керек тұз сеуіп, тәттіге малғаның.

Осылай паңданам жүрекке иілмей,
Ұмыттым деп тербеймін жалғандық бесігін.
Көз бұлты сел болып қалса егер сүйілмей
Бәрі де қырсықтық өзіңнің кесірің.

Бір жүрші ұшайық сезімдер мекеніне,
Сан айттың белгісіз еріп-ақ кетерімде.
Сен қалай күйсең де, шыдайсың білмеймін,
Мен жүрмін шырмалып сол қырсық жетегінде.

P.S. Санаңда көлбейді білемін күңгірт ой,
Сан қилы әлекке салумен жүрмін ғой.
Шымқала салтымен одан да алып қаш,
Оңтүстік желімен тербелген гүлмін ғой)))).

18 пікір

Karakulov
уаааУУУ)))
sezim_seli
)))))))))))))))))))))))))))
AyKoN
сЫРТЫМНАН ОЙЛАЙ БЕРГЕНШЕ Батылдау болсай бойдагым-деп койсанызшы))) адеми өлең! ия Шымның жигиттери оданда алып кашсаныздаршы
qyrmyzy
Мәкең ғо со,жүрк қо үндеми
Сезім_селі, сезімге қатты беріліп кетпедің бе? Алып қашу Шымкенттің салты емес ҚАЗАҚтың салты ғой. Бар нәрсені Оңтүстікке тықпалай бермей, қазақтарғада қалдырыңдарсай.
zhangul
Алып кашу салт емес. Қылмыс!
maulen
Керемет, Сезім, қыз баланың қолынан келмейтін батылдық!
Zhanat
алып кашып біреудің обалына қалай жайымыз жоқ, қыздардың кектенуі жаман дейді ғой)
Ademi
қыздың көз жасы…
didi0393
такырыбыН «ТОРМЫЗДАРГА» десек те артык етпес))))
qyrmyzy
Қош келдің:)
didi0393
кош кордик! сагынып кетиппин че сендердиии)))))))))
zhano_almuhambet
ТАК ТОЧНО! Сөз иесін табады)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.