Бақыттысың

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Жақын болған жаныма жақұт құсым.
Өткізбепсің бостан-бос уақытты шын.
Аптасына бір жігіт ауысатын,
Мен емес,
Әрине сен — бақыттысың!

Бақыттысың —
Менен көп күлесің де.
Бақыттысың —
Көп менен үлесің де.
… Күнге мойын бұратын бір ақынның,
Түнге айналып кеткенін білесің бе?

Түнге айналып кетіп ол кемсеңдейді.
Сәлем бермей өте шық… көрсең мейлі.
Көп жігітпен жүргенің жақсы шығар,
Бақыт бірақ олай еш өлшенбейді.

… Жігіт деген — сүймейді, сүймегенді.
Жігіт деген — сан түрлі күйге енеді.
Көше кезген қыздармен жүріп алып,
Үйде отырған қыздарға үйленеді!

Айбар Ермекқалиев

12 пікір

Korkem
Төлеген Айбергеновтың нұсқасына келеді екен
maulen
Керемет, Айбар, дәл басып айттын!!!
qyrmyzy
Бақыттысың —
Менен көп күлесің де.
күлкінің ар жағында бірдеңе бар — ау.
Жақсы өлең!
Jako
… Жігіт деген — сүймейді, сүймегенді.
Жігіт деген — сан түрлі күйге енеді.
Көше кезген қыздармен жүріп алып,
Үйде отырған қыздарға үйленеді!

Керемет!
qyrmyzy
рас, иә?!
Jako
Рас, рас, тамаша келтірген!
pana
… Жігіт деген — сүймейді, сүймегенді
??????????????????
Aibar_e
пікірлерің үшін үлкен рахмет!
Albina97
оте керемет олен катты унады
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.