Бақытсыз неге аққулар?

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Жүрекке таққан бойтұмар.
Мазалап әр кез ой тұрар.
Қаншама жанды сүйсінткен,
Бақытсыз неге аққулар?

Сіздерге, әр бір жан құмар.
Сұлулыққа көз тұнар.
Аққудың айтпақ мұң-зарын,
Жүрекпен сезген жан ұғар.

Тәңірден түскен сын шығар.
Сіздердей бірақ кім шыдар.
Жан дүниесін сезеалмас.
Қанша айтсада жыршылар…

Ақиқатты айтсам, таң қалар.
Шындықтың беті шаң шығар.
Жүректі тербеп ән еткен,
Бақыттсыз болды аққулар.

Өмірдің мынау у-шуын
Сыңарсыз аққу сыңсуын.
Амалсыздан көтердім,
Жесірдің желпіп жыр туын

6 пікір

sezim_seli
Ұйқасы жеңіл болса да, тәп-тәтті-ақ жыр екен))
maulen
Аққуды босқа айтпағанғой махаббаттың символы деп!
pana
кім айтты оларды бақытсыз деп? проекция…
qyrmyzy
Жылай бермеңіздерші…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.