Ана тілім- басымдағы бар бағым

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Тілім барда нөсердейін құйылған,
Сөз сөйлейін реті келген бұйырған
Ана тілім-бар байлығым, қазынам,
Тіл арқылы жол табамын қиыннан.

Ана тілім-менің асқақ мәртебем,
Мұхиттарда жүздіретін өр кемем.
Бір қазағым тілін білмей тұрса егер,
Мен ұяттан жерге кіріп өртенем.

Ана тілім-арым, жаным, ардағым,
Айтайын мен ауыр сөздің салмағын.
Басыңа бақ қонған десе маған кеп,
Тіл деп білем басымдағы бар бағым.

Тілмен бірге күн кешемін бүгінде,
Мен сөйлеймін қазақ халқым үнінде.
Бүгінгі ұрпақ есте сақта бұл сөзді,
Халықтың да халықтығы — тілінде!

Ана тілім — менің бар мақтанышым,
Тарихымды танытар мақтанымсың.
Тер төгемін қолымнан келгенінше,
Дүниеден өтіп мен өлгенімше,
Тілм сені мәңгіге сақтау үшін!

8 пікір

Kan
Ай жарайсың. Сірә оқушы шығарсың. Ақындығыңнан қарағанда ұлтшылдығың басым сияқты.
sezim_seli
Алғашқы жазбасы секілді бұл қыздың, жарайсың. Осылай жалғай бер!
pana
мектепте тапсырыспен өлең жазу болатыны қандай жақсы, таланттар ашылады,
NAZz
<blockquote></blockquote><u><s><em><strong><blockquote></blockquote><code>
korwinin_kyzy
ана тілім басымдағы бар бағым
4 тіл білу баяғыдан арманым
уйренем деп артып кетты салмағым
өсіп кетті саусақтағы тырнағым
***
ең бірінші қазақ тілі -білемін
екіншісі орыс тілі- тусінемін
араб тілі қиын боп тұр қиындау
ағылшынша шет жағасын ілемін
****
аптыр мен
yesbolat83
Наз, жарадың. Өте тамаша, ұйқастықпен жазылған. Тілін құрметтеген ол өзін құрметтеген. Ана тілін бағалағандарды көрсем қуанып, мақтан тұтамын. Жарайсың!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.