Қазынам...

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Бұрмаған түзу арнаны,
Қыз едім бөлек арманы.
Білмеймін соққан жүрегім-
Неліктен сені таңдады?

Ысырып өмір өктемін,
Өзіңмен ғана көктедім.
Сезімін биік қоятын,
Кешіккен мен ғой көктемің!

Аспайсың құлақ назыма,
Іштегі дертім базына.
Жаныңа шуақ сыйлайтын —
Мен де бар үлкен қазына.

Ол менің адал сезімім,
Темірдей қатқыл төзімім.
Бермеймін оны ешкімге,
Болса да көптеу кезім мұң.

Сен едің мені ұнатқан,
Жұбатып кейде жылатқан.
Соққанмен жүрек бір жерден,
Екеуміз жүрміз жырақтап.

Құярсың бұны санаңа,
Сеппегін тұзды жарама.
Тұп-тұнық сырлы көзіңмен,
Көңілді мендік бағала!

9 пікір

Kan
Керемет өлең. Тек бірақ жердің ұйқасын келтіре алмағансың
Сен едің мені ұнатқан,
Жұбатып кейде жылатқан.
Соққанмен жүрек бір жерден,
Екеуміз жүрміз ЖЫРАҚТАП. (Сәлемің жетер жырақтан) осылай дұрыстау сияқты.
qyrmyzy
Кан мырза, әдемі пікір жаза алады екенсіз ғой! АРБ!
ARDANA
керемет сезімге құрылған лирикалық стилдегі өлең Каннын айтканына қосыламын
pana
ешкімді тыңдама, біреудің айтқысы келгенін екінші біреу қалай түсінсін, жақсы өлең)
qyrmyzy
Керемет! Қыз мұңы, тап-таза… Сәттілік. Тағы да өлеңдеріңді ілсеңші
zada2292
ризашылығымды білдіремін… бұйырсаа жазамыннн ғоиии)))
qyrmyzy
бірақ көп мұңая берме
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.